Алматы қаласындағы Ермек Тұрсыновтың киноклубында Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Кәукеннің жұлдызы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Деректі фильм Қазақ КСР-нің халық артисі, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың және Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, КСРО кинематографистер одағының мүшесі, профессор, опера әншісі, театр және кино актері Кәукен Кенжетаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. – Кәукен ағамен бес-алты фильмге түстік, талай бірге жүрдік, туған бауырлардай сыйластық. Оның біреуге ренжіп тұрғанын ешқашан көргенім жоқ. Ешқашан біреу туралы жаман сөз айтпайтын жаны таза, жүрегі пәк адам болатын. Осы фильмге Кәукен ағаның шығармаларын оқуға ұсыныс түскен кезде, бірден қуана келістім, – деді актер Нұржұман Ықтымбаев. – Бұл еліміздің мәдениетіне орасан зор үлес қосқан аты аңызға айналған тұлғалардың өмірбаяны туралы жасаған бірінші деректі фильмім емес. Бұған дейін Кәукен Кенжетаевтың бауыры, ұлы режиссер Шәкен Аймановтың шығармашылық жолына арналған деректі фильм түсірген болатынмын. Сондықтан да, осындай біртуар азаматтарды сыйлаған сол дәуірге, сол материалдарға қайта үңіліп, жұмыс істегеніме қуандым. Әсіресе, кейіпкеріміздің туған жері – табиғаты көркем, қазақтың дәстүрі мен тарихына бай Баянауыл өлкесі маған қатты әсер етті. Кәукен ағамыздың ішкі жан дүниесінің қалыптасуына туған жері үлкен әсер етті деп ойлаймын, – деді картинаның режиссері Ғазиз Насыров. Айта кетсек, «Кәукеннің жұлдызы» атты қойылымдық сахналары бар деректі фильм 2016 жылы Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арнайы өндіріске жіберілген болатын. Фильм Кәукен Кенжетаевтың туып-өскен жері Павлодар облысы, Баянауыл өлкесінде және Алматы қаласында түсірілді. Кәукен Кенжетаевтың образын жас актер Ержас Рақымбеков сомдап шықты. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан»
Кино • 02 Наурыз, 2017
«Кәукеннің жұлдызы» фильмінің тұсаукесері өтті
Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Белгілі инженер – Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 14:23
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 13:14
European Open: Эсмигуль Куюлова ел қоржынына күміс жүлде салды
Спорт • Бүгін, 12:15
Олимпиада-2026: Шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 11:50
Еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:15
Олимпиада-2026: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:27
Президент Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:10
15 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:50
Елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 00:45
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше