20 Ақпан, 2017

Қостанайда белгілі психиатр дәрігер адам қолынан қаза тапты

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  Облысқа белгілі, жоғары санатты психиатр дәрігер, облыстық психикалық-неврологиялық аурухананы көп жыл басқарған Рәшида Сандыбаеваның мәйіті кеше түске жақын өзінің пәтерінде қан-жоса болып жатқан жерінен табылған. Қылмыскер дәрігердің денесіне 30 жерден пышақ ұрған. Рашида Қожахметқызының еңбек кітапшасында  Қостанай облыстық психиатриялық ауруханаға жұмысқа қабылданғаны туралы бір-ақ сөйлем жазылған екен. Ол  облыстағы психиатриялық қызметке 36 жылын арнады. 2005 жылдан бастап аурухананы басқарды, ұзақ уақыт облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психиатр дәрігері болды. Бір-екі жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан соң, дәрігер сот-психиатриялық сараптау орталығында  істеді.  Оның трагедиялық өлімі  кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін деген де болжам бар. Қазір  сотқа дейінгі іздестіру, тергеу амалдары басталды. Нәзира Жәрімбетова «Егемен Қазақстан»  
Соңғы жаңалықтар

Рудныйда қазақ мектебі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Даналық һәм диалектика

Тұлға • Бүгін, 08:30