Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында ерлер арасында хоккейден Қазақстан құрамасы Қытайды 8:0 есебімен жеңді.
Жерлестеріміз ойын бастала сала қарсыластарын қыспаққа алып, бірқатар шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде, 10-минутта Максим Волков кездесудегі алғашқы шайбаны салды. 14-минутта Илья Ковзалов есепті еселей түскені сол еді, бір минут өтпей жатып Константин Савенков Қазақстан құрамасының үшінші голын соқты. Аспанасты елінің хоккейшілері де қарсы шабуылға шығып, Сергей Кудряцев қорғаған қақпаны бірнеше мәрте нысанаға алған. Бірақ бәрі сәтсіз аяқталып жатты.
Екінші кезең де осы бағытта өрбіді. Жерлестеріміз «ә» дегеннен-ақ ойын тізгінін өз қолдарына алып, орайы келген сәттерді тиімді пайдалануға тырысты. Кездесудің 23-минутында Максим Волков дубль иесі атанса, 34-минутта Дмитрий Гренц басымдықты арттыра түсті. 37-минутта Константин Савенков өзінің осы матчтағы екінші голын салды.
Соңғы 20 минутта отандастарымыз сауатты қорғанып, қарсы шабуылдарға жиі шықты. 45-минутта Савенков хет-трик иесі атанса, араға бес минут салып Кирилл Савицкий кездесудегі соңғы шайбаны соқты.
Айта кетейік, Сергей Старыгин шәкірттері осымен екінші ойында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін оңтүстіккореялықтардан 4:0 есебімен басым түскен. Ал келесі матч 26 ақпан күні Жапония құрамасымен өтеді.
• 24 Ақпан, 2017
Азиада-2017. Хоккейден Қазақстан құрамасы Қытайды ойсырата жеңді

Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 10:15
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Әлем • Бүгін, 10:03
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28
Қаржы • Бүгін, 09:21
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше