Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойғы диспетчерлік қызмет ұйымдастырылып, күн сайын жолдарда кезекшілік жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысы барысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп жазады primeminister.kz.
Ж. Қасымбек бүгінгі таңда биылғы жылдың су тасқыны кезеңіне арналған Шаралар жоспары бекітіліп, Су тасқынына қарсы комиссиялардың жұмысы ұйымдастырылғанын баяндады.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 1 284 автожол көпірі мен 14 686 су жүретін құбыр бар. Қазіргі кезде тәулік бойғы диспетчерлік қызмет ұйымдастырылып, автомобиль жолдарында күн сайын кезекшілік жүргізіледі, сонымен қатар 496 қауіпті учаске, 967 құбыр мен 157 көпір бақылауға алынған.
Бекітілген жоспарға сәйкес су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін қазіргі кезде қажетті құрылыс материалдары мен конструкциялары әзірленген.
Қазіргі кезде су жүргізу құбырын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінде 4 257 құбыр немесе жоспардағыдан 39% ашылды.
Пойыздардың үздіксіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды, жасанды құрылымдарды сеңдерді өткізуге уақытылы әзірлеу мақсатында 383 вагоннан тұратын судың бұзып кетуін бөгейтін 42 пойыз құралды. Бүгінде 110 вагон құрастырылған.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық филиалдарында, бірінші кезекте тым шалғайдағы учаскелерде отын және майлау материалдарының қажетті қоры бар.
Көпірлердің астында мұздардың кептелісін жою үшін мұздарды уату бойынша бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу мен қар көшкіндерін құлату бойынша келісімдер жасалған.
Қауіпті жерлердің тізімі жасалған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының директорларының нақты әрекеттері айқындалған, аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларына комиссия тексеру жүргізуде.
Министр Азаматтық қорғаныс пен көлік, жол және көпірлердің республикалық қызметінің қолда бар күші мен қаражаты көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және республикалық маңызы бар теміржолдар мен автомобиль жолдарында қозғалысты қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өтті.
• 21 Ақпан, 2017
Республикалық маңызы бар автожолдарда 1 284 көпір бар

Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32
Ана мәртебесі: Тәрбие бесігінен кәсіпкерлік шыңына дейін
Қоғам • Бүгін, 12:18
Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше