Бүгінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы еліміздегі бірден-бір заманауи төл әдістемелік кешені қалыптасқан көшбасшы білім беру ордасына айналды. Мемлекет басшысының қолдауымен Қазақстанның барлық өңірлерінен ашылған білім мекемесінің тәлімгерлері уақыт үдесінен табылып үш тілді меңгерумен қатар, жаңа технологияны игеруде, ІТ-білімді дамытуда, ең бастысы, адами капитал сапасын жақсартуда өзіндік өрнегі бар жаңа модельдің ерекшеліктерін дәлелдеп келеді. Зияткерлік мектептерде осы бағытта қабылданған әлеуметтік жобалар мен тәжірибелер өзге мектептерге таратылуда. Аталған жұмыстардың есебі елордада «Ұлы дала мұрагерлері» атты шығармашылық кеште жан-жақты көрініс тапты.
Бағдарлама аясында елордалық мұғалімдерге «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына арналған «Зияткерлік мектеп оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында тәжірибе трансляциялау семинары, ғылыми жобалар көрмесі, сондай-ақ, «Туған елге – тағзым», «Жүз күйдің тарихы», «Екі апта ауылда», «Қазақтың 100 әні» әлеуметтік жобаларын қорытындылайтын театрландырылған көріністер қойылды. Әсіресе, оқушылардың «Ауыл көрінісі» хореографиялық қойылымы арқылы Ақан серінің «Балқадишасын», Құрманғазы мен Динаның күйлерін орындап, жетіген, сазсырнай, қобызда ойнауы, түрлі мәдениетті тоғыстырған Ұлы Жібек жолын сахналау арқылы тарихқа ғана емес, көптілділікке жүйрік екендіктерін көрсете білуі жақсы әсер қалдырды.
– Мектептерімізде бала талантын ашуға ден қойылған. Негізгі курстар элективті курстармен міндетті түрде толықтырылып отырады. Біз жаңа ұрпақтың үйлесімді дамуына деген жауапкершілікті түсінеміз әрі оны кең ауқымда қарастырамыз, – деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.
Сонымен бірге, «Астана» орталық концерт залында ұйымдастырылған ғылыми жобалар көрмесінде оқушылар даярлаған креативті жобалар жұрт назарына ұсынылды. Мәселен, Павлодар қаласынан келген А.Мақашева «Өсімдік майынан тазалау үшін модификацияланған табиғи балшықты қолдану» жобасын көрсетсе, талдықорғандық Б.Талғат «Космостық қоқысты жинауға арналған роботталған орбиталық жүйе», ал петропавлдық Н.Тұрғымбаева «Жел электр генераторын автоматты түрде реттеуге арналған механизм» жобаларын таныстырады. Сондай-ақ, цифрлы Қазақстанның іс жүзіндегі жобаларына ІТ-стенд арналды. Соның ішінде Ақтөбе өңірінен келген А.Бағланованың мұнай көлемінің сыйымдылығын есептеуге арналған мобильді қосымшасы, Қостанай облысынан келген А.Әділбектің «SmartLife» ақпараттық ресурстарды автоматты түрде басқару жүйесі, Тараздан келген С.Еламанның дрон-ракеталы старт және симметриялы конструкциялы ракета таратқышы сияқты көптеген жұмыстар көрсетілді. Ал «Қолөнершілер көшесі» атты қайырымдылық жәрмеңкесі арқылы Зияткерлік мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары, оның ішінде қыштан құмыра құю, киіз илеу, ши дайындау, инемен кілем тоқу, кесте тігу, ұлттық қуыршақтар дайындау сынды ұлттық өнерге ден қойған дарынды балалардың шеберлігі де тәнті етті.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»

25 мамырда оқу жылы аяқталады: Емтихандар қай күндері өтетіні белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31