Қазақстан Президентінің халықтың талқылауына ұсынған жаңа конституциялық реформасы – елдегі заң үстемдігінің, демократияның және экономиканың нығаюына жол ашатын маңызды қадам.
Мықты инфрақұрылымды қалыптастыру және мемлекеттің географиялық орналасуын тиімді пайдалану – бұл мемлекеттік атқарушы және парламенттік басқару тетігі қолға алған негізгі міндеттердің бірі. Мәселен, бұл міндетті нәтижелі жүзеге асыру арқылы ашық саясат жүргізе отырып, елдің экономикалық өсіміне ықпал етуге болады. Ал ол өз кезегінде шетелдік инвестицияны тартуға да сеп болары анық. Бұған қоса, бұл жергілікті бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып қана қоймай, азаматтар үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына да көмегін тигізбек.
Қазақстан Президенті өзінің мемлекеті үшін ненің тиімді болатынын білетін Көшбасшы тұлға. Сол себепті, Парламентке, Үкіметке өз өкілеттілігінің ауқымды бөлігін беру арқылы оларға жауапкершілік жүктеп қана қоймай, Үкімет шешімдері бойынша қабылданған мәселелерде шешуші рөлді сеніп тапсырғалы отыр. Бұл мемлекеттің экономикалық өсімін қамтамасыз ету арқылы ел тұрғындарының өмір сүру сапасын одан әрі арттыру бағытында жасалған қадам.
Жаңа реформада көрсетілген жаңа міндеттер Қазақстанның өңірде қалыптасып үлгерген тұрақтылық позициясын одан әрі нығайтуға, халықаралық аренадағы өзінің рөлі мен орнын айқындай түсуіне белсенді түрде әсер етуі мүмкін. Сондықтан, мен нәтиже әрі табыс әкелетін жаңа конституциялық өзгерістерге айрықша мән беру қажет деп есептеймін. Себебі, бұл өзгерістер тұрақтылықты нығайтуды, даму мен ілгерілеуді қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Біз бір-бірімізден әлі де көп нәрсені үйренуіміз керек. Алайда, алғашқы жасалған қадам қашан да маңызды. Бұдан кейін сөзсіз, бізді біріктіретін ортақ міндеттерді айқындауға жол ашылатын болады.
Йонаш Флорин УРКАН,
Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясының елшісі

Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Президент • Кеше