Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Өзін-өзі тану» мен «Балалардың тілін дамытуда коррекциялық қолдау көрсету» орталықтары ашылды. Оның ашылу рәсіміне ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қатысты, деп хабарлайды оқу орнының ресми өкілі Жандар Асан.
Орталықта сөйлеу қабілетінің кемістігі бар жеткіншектер оқып, тәрбиеленбек. Бұнда дефектолог мамандар сәбилерге жан-жақты педагогикалық, физиологиялық және психологиялық зерттеулер жасап, кемістікті түзеу бағытында жұмыс атқарады. Сонымен қатар, педагогикалық оқу орнының 3-4 курс студенттері ұстаз-логопед ретінде тәжірибе жүргізе алады.
«Еліміздің мектептерінде осы тақілеттес орталықтар біртіндеп ашылуда. Десе де Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жоғары оқу орындары арасында алғаш бастама көтеріп, оны нақты жүзеге асырып отыр. Институттың Арнайы педагогика кафедрасы білім беру бағдарламасы аясында «Дефектология» мамандығы бойынша болашақ логопедтерді даярлау үстінде. Бұның жаңа мамандық ретінде енгізілгеніне көп бола қойған жоқ. Осыдан-ақ, оның қазіргі өркениетті заманда өте тапшы екенін аңғаруға болады. Сондықтан, болашақ мамандардың білім мен тәжірибені қатар алуына мүмкіндік жасағаны үшін педагогикалық институттың ұжымына алғыс білдіреміз,» – деп атап өтті Эльмира Суханбердиева.
Ол алдағы уақытта аталған салаға кадр даярлау үшін мемлекеттік білім беру гранттарының көбірек бөлінетіндігін мәлімдеді.
Ресми мәліметтерге сүйенер болсақ, бүгінде Тараз қаласында 2 арнайы логопедиялық балабақша жұмыс істейді. Ал, өзге мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде арнайы логопунктер деңгейінде қызмет көрсетеді. Осыған орай, өңірде логопедтерге сұраныс барлығы байқалады.
«Қазіргі таңда балалар арасында тіл кемістігі патологиясы жиі ұшырасады. Оқу орны осы олқылықтың орнын толтыруды көздеп отыр. Жұмысын жаңадан бастағалы отырған орталыққа қазірдің өзінде тіркелген бүлдіршіндер баршылық. Орталық 4-8 жас аралығындағы 50 шақты тәрбиеленушіні қабылдауға қауқарлы. Білікті мамандар арнайы педагогикалық авторлық бағдарламалар арқылы заманауи әдіс-тәсілдермен жұмыс істейтін болады. Еліміз өркениетті қоғам құруы үшін дені сау, тәрбиелі азаматтардың қатары көп болғаны абзал. Аталған орталық осы мақсатта жұмыс атқармақ,» – деді институт ректоры Дария Қожамжарова.
Сонымен қатар, институтта «Өзін-өзі тану» орталығы пайдалануға берілді. Орталықта шет тілдерін үйренуге болады. Шығармашылықты дамыту үйірмелері де бар. Атап айтқанда, жастар театрландырылған қойылымдарға қатысып, мүсін жасау, кестелеу өнеріне машықтанады. Дәрістерді педагогикалық оқу орнының ұстаздары жүргізеді.

Интернет алаяқтарға алданғандар оқиғасы: Жиі кездесетін қателіктер мен кеңестер
Қоғам • Бүгін, 11:50
Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 11:45
Пәтердің техникалық паспорты жойыла ма?
Қоғам • Бүгін, 11:37
2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2,5 есе артады
Инвестиция • Бүгін, 11:29
Маңғыстаудағы «Қазазот» қызметкерлері референдумда дауыс береді
Референдум • Бүгін, 11:22
Өткен жылы Қазақстан зауыттары 171 мыңнан астам көлік шығарды
Экономика • Бүгін, 11:18
Еліміздің мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай 40 млн тоннаға жетеді
Энергетика • Бүгін, 11:11
Облигация әлде депозит: Жинақты қайда сақтаған тиімді?
Экономика • Бүгін, 11:00
Олжас Бектенов: Азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылады
Үкімет • Бүгін, 10:48
9 ірі жоба толық іске қосылғанда өндіріс көлемі еселеп артады
Өндіріс • Бүгін, 10:38
Блогердің жазбасынан кейін Рудный ауруханасына жоспардан тыс тексеру басталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:35
Түркістан облысында заңсыз темекі өндірген 3 жасырын цех анықталды
Аймақтар • Бүгін, 10:18
Отандық су үнемдеу технологиясы: Ғалымдар әзірлеген құрылғылар нарыққа қашан шығады?
Қоғам • Бүгін, 10:04
Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:02
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:43