Әр мемлекет өзінің даму кезеңдерінде түрлі өзгерістерді басынан өткереді. Қазақстан да осындай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Кезінде Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан бүгінде дүние жүзіндегі танымал мемлекеттердің біріне айналды. Тиімді құрылған президенттік басқару формасының арқасында саяси, әлеуметтік-экономикалық, сауда және мәдени-гуманитарлық салаларда таңғаларлық табыстарға қол жеткізді. Қазақстандағы тұрақтылық пен көпвекторлы саясат ел экономикасына 200 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы тартудың кепілі болды.
Бүгінгі таңда Қазақстан елі сенімді саяси және сауда әріптесі ретінде аймақтық және халықаралық ұйымдардың құрметті мүшесі болып табылады. БҰҰ-ға 1992 жылы мүшелікке қабылданғаннан бергі аралықта Қазақстан үнемі жаһандық деңгейде бастамашылық танытып, қандай да бір халықаралық даулар мен қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге атсалысып келеді. Атап айтар болсақ, Иранның ядролық бағдарламасын шешу бойынша келісімдерге, сондай-ақ екі мәрте болып өткен Сириядағы мәселелерге қатысты тараптардың кездесуіне келіссөз алаңын ұсынды.
Терең ойластырылған мемлекеттік билік жүйесінің арқасында ел өзінің ішкі дамуында да орасан зор табыстарға қол жеткізді. Азаматтық қоғам институттары, мемлекеттік органдардың сапалы жұмысы қалыптасты.
Қазақстан Президентінің елдің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы шешімі Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жолдың заңды жалғасы болып табылады. Ендігі уақытта ел Парламентінің рөлі мен орнын айтарлықтай күшейту, Үкіметтің өкілеттігін кеңейту қарастырылып отыр. Мемлекет басшысы билік тармақтарының қарым-қатынасында жоғарғы төреші ретінде стратегиялық қызметтерді жүзеге асырады. Сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздікке және елдің қорғаныс қабілеттілігіне баса назар аударатын болады.
Конституциялық реформалар аса зор маңызға ие және ол дер кезінде ұсынылды деп санаймын, себебі, Үкімет пен Парламенттің рөлін күшейту мен жауапкершілігін арттыру елдің одан әрі дамуы үшін тиімді әрі заманауи басқару жүйесін қалыптастыруға оң ықпал етеді.
Миланка КАРИЧ,
Сербия Республикасы Парламентінің депутаты

Олжас Бектенов: Азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылады
Үкімет • Бүгін, 10:48
9 ірі жоба толық іске қосылғанда өндіріс көлемі еселеп артады
Өндіріс • Бүгін, 10:38
Блогердің жазбасынан кейін Рудный ауруханасына жоспардан тыс тексеру басталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:35
Түркістан облысында заңсыз темекі өндірген 3 жасырын цех анықталды
Аймақтар • Бүгін, 10:18
Отандық су үнемдеу технологиясы: Ғалымдар әзірлеген құрылғылар нарыққа қашан шығады?
Қоғам • Бүгін, 10:04
Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:02
«Burger King-тегі» дау: Еңбек министрлігі тексеруді бастады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:43
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:32
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Қысқы спорт • Бүгін, 09:20
Павлодарда әскерден босатуға уәде беріп, миллиондарды жымқырған офицер жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 09:13
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:01
Елорданың жетістіктері – ел дамуының көрсеткіші
Елорда • Бүгін, 08:55
Берік Уәли: Өңірдегі өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді
Аймақтар • Бүгін, 08:50