Сенбі күні АҚШ-тың Уилмингтон қаласында кәсіпқой бокстан бірінші орта салмақта өнер көрсететін жерлесіміз Қанат Ислам бразилиялық Робсон Асисті бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Спортшының карьерасы өнер адамдарына қарағанда қысқа болады. Боксшыларға 30 жастан асқан соң, шаршы алаңда 12 раунд жұдырықтасып жүру оңайға соқпайды. Қазір Қанаттың жасы 32-де. Биыл 33-ке толады. Сондықтан чемпиондық белбеуге таласқанын қалаймыз. Әйтпесе уақыт өтіп барады.
Бұл жолы Қанат бокс кешінің басты жекпе-жегінде емес, кіші Рой Джонс пен Бобби Ганни кездесуінің андеркардында өнер көрсетті. Қарсыласы осыған дейін шаршы алаңға 19 рет шыққан. Оның ішінде 16 жекпе-жекте жеңіске жетіп, үш рет ұтылған. Кәсіпқой бокста жүргеніне он жылдан асқан. АҚШ-та алғаш рет жұдырықтасты. Бұған дейін екі рет Канадада, бір рет Жаңа Зеландияда, қалған кездесулерін өз елінде өткізген. Әлемдік рейтингтегі көрсеткіші де аса мәз емес (boxrec.com сайтында 240-орын).
Жерлесімізге Робсонды ұту қиынға соқпады. Бірінші раундта-ақ сұлатып салды. Сөйтіп, қазақ боксшысы спорттық мансабында 23-жеңісіне қол жеткізді.
Осындай кездесудің Қанатқа абырой әпере қоймайтынын Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко «Vesti.kz» сайтына берген сұхбатында айтыпты.
– Мұндай жекпе-жек Қанат Исламға қажет емес. Жаңа биікке көтерілу үшін деңгейі жоғары боксшылармен жолыққаны дұрыс. Қазіргі қарсыласы бірнеше мәрте жеңілген, рейтингі де жоғары емес. Мұндай қарсылас не үшін керек? Жалпы, осындай кездесулер Қанатқа не береді? – дейді Демьяненко.
Бұл кәсіби маманның жанашырлықпен айтқан пікірі деп ойлаймыз. Қазақ халқы батыр ұлын жақсы көреді. Оның толағай табыстарға қол жеткізгенін, әлемдік аренада бағы жанғанын көргісі келеді. Ендеше, Қанат және оның промоутерінің ойланғаны дұрыс болатын шығар.
Бек ТӨЛЕУОВ,
журналист
АСТАНА

Интернет алаяқтарға алданғандар оқиғасы: Жиі кездесетін қателіктер мен кеңестер
Қоғам • Бүгін, 11:50
Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 11:45
Пәтердің техникалық паспорты жойыла ма?
Қоғам • Бүгін, 11:37
2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2,5 есе артады
Инвестиция • Бүгін, 11:29
Маңғыстаудағы «Қазазот» қызметкерлері референдумда дауыс береді
Референдум • Бүгін, 11:22
Өткен жылы Қазақстан зауыттары 171 мыңнан астам көлік шығарды
Экономика • Бүгін, 11:18
Еліміздің мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай 40 млн тоннаға жетеді
Энергетика • Бүгін, 11:11
Облигация әлде депозит: Жинақты қайда сақтаған тиімді?
Экономика • Бүгін, 11:00
Олжас Бектенов: Азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылады
Үкімет • Бүгін, 10:48
9 ірі жоба толық іске қосылғанда өндіріс көлемі еселеп артады
Өндіріс • Бүгін, 10:38
Блогердің жазбасынан кейін Рудный ауруханасына жоспардан тыс тексеру басталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:35
Түркістан облысында заңсыз темекі өндірген 3 жасырын цех анықталды
Аймақтар • Бүгін, 10:18
Отандық су үнемдеу технологиясы: Ғалымдар әзірлеген құрылғылар нарыққа қашан шығады?
Қоғам • Бүгін, 10:04
Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:02
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:43