Кәсіпқой бокста бақтарын сынап жүрген отандастарымыз Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары Давид Лемье мен Кертис Стивенс арасында өтетін бокс кешінің андеркартында шаршы алаңға шығуы мүмкін. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Менеджеріміз Анна Рева біздің бұл бокс кешінде жұдырықтасуымыз туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бір өкініштісі, мұнда бір ғана орын бар екен, яғни екеуіміздің біріміз ғана жұдырықтасуымыз керек. Әзірге кімнің шаршы алаңға шығатыны белгісіз болып тұр. Қайсысымыз шықсақ та, жақсы бокс көрсетуге тырысамыз», – деді Абылайхан Құсайынов.
Канадалық Давид Лемье мен америкалық Кертис Стивенс арасындағы жекпе-жек 11 наурыз күні Нью-Йорк қаласында өтеді.
Айта кетейік, бірінші орта салмақта 25 жастағы Жүкембаев кәсіпқой бокста осыған дейін сегіз кездесу өткізіп, жетеуін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Құсайынов бес жекпе-жегінің төртеуінде қарсыластарын нокаутқа түсірген.
• 01 Ақпан, 2017
Жүкембаев пен Құсайынов келесі жекпе-жектерін қайда өткізуі мүмкін?

Олимпиада-2026: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді
Олимпиада • Бүгін, 03:05
Америкалық Mars компаниясы Қазақстанда үй жануарларына азық өндіретін зауыт салады
Президент • Бүгін, 02:35
Мемлекет басшысы Ashmore Group басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
Президент • Бүгін, 02:15
АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу мақсатында елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі
Президент • Бүгін, 01:56
Қазақстан мен АҚШ корпорациясы бірлескен инфрақұрылым жобаларын талқылады
Президент • Бүгін, 01:45
Алматы облысында десантшылардың кешенді дайындығы өтті
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі
Президент • Кеше
Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға оралуы мүмкін
Футбол • Кеше