Ақмола облысының Бурабай ауданында 125 орындық балабақша ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарымен танысты. Сапар кезінде аймақ басшысы Оқжетпес ауылындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған 125 балаға арналған «Балапан» балабақшасында болды. Жарты ғасырға жуық бұрын салынған ғимаратқа өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балабақша ретінде қайта жасақталды. Мекеме басшысы Раушан Ибраеваның айтуынша, жобаның құны 70 миллион теңгені құрап отыр. Оның 60 миллион теңгесі «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры арқылы бөлінген.
«Қазіргі заманға сай жабдықталған балабақшада балалардың мектепке дейінгі білім мен тəрбие алуына барлық жағдай жасалынған. Осы мақсатта 30 миллион теңгенің құрал-жабдықтары сатып алынып, орнатылды. Нысанда 4 ойын алаңы, 4 жатын бөлме, 4 санитарлық желі, спорт жəне музыка залдар бар. Үстіміздегі жылы ғимараттың кәріз, су жəне жылу жүйелерін жаңарту көзделіп отыр», - деді Р.Ибраева.

Олимпиада-2026: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді
Олимпиада • Бүгін, 03:05
Америкалық Mars компаниясы Қазақстанда үй жануарларына азық өндіретін зауыт салады
Президент • Бүгін, 02:35
Мемлекет басшысы Ashmore Group басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
Президент • Бүгін, 02:15
АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу мақсатында елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі
Президент • Бүгін, 01:56
Қазақстан мен АҚШ корпорациясы бірлескен инфрақұрылым жобаларын талқылады
Президент • Бүгін, 01:45
Алматы облысында десантшылардың кешенді дайындығы өтті
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі
Президент • Кеше
Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға оралуы мүмкін
Футбол • Кеше