мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге қолдау көрсетеді
Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда 45 мыңға тарта мүгедек бала арнайы есепте тұр. Олардың басым көпшілігі – туабітті сал ауруына шалдыққандар. Себебі, бұл дерт, өкінішке қарай, соңғы жылдары ең көп таралған аурулардың біріне айналды. Ресми дереккөздерге сүйенсек, елімізде 2014 жылдары мұндай диагноз 10 мыңнан астам балаға қойылса, 2015 жылы аталған аурумен науқастанатындардың саны 2010 жылмен салыстырғанда 6,9 пайызға өскен. Ал 2016 жылы бұл дертпен ауыратындар қатары тағы да 1500 балаға артқан.
«Әрине, бұл аурудың себебі көп. Балалар ағзасына түрлі ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуінен болуы мүмкін. Бұл аурумен науқастанатындардың арасында өз уақытынан ертерек дүние есігін ашқан сәбилер де кездеседі. Себебі, аз салмақпен өмірге келген балалардың иммунитеті өте әлсіз келеді. Сондықтан, олар туған кезде дені сау болып көрінгенімен, аурудың мұндай түрі уақыт өте келе пайда болуы мүмкін. Демек, мұндай балалар да туабітті сал ауруына жиі шалдығады», дейді елордадағы Балаларды оңалту ұлттық орталығының дәрігер-невропатологі Әсия Ризванова.
Әрине, мұндай балаларға ең алдымен, оңалту, қоғамға бейімдеу орталықтарында жүргізілетін медициналық ем-дом шаралары көп септігін тигізері анық. Мәселен, Астана қаласы әкімдігіне қарасты Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге, оның ішінде аталған дертке шалдыққан балаларға қолдау көрсетіп, қолұшын созу, оңалту мақсатында құрылған. Қазіргі таңда аталған орталықта сал ауруымен ауыратын 320 бала есепте тұр екен. «Бізде 1,5 жастан асқан балалар мен 18 жасқа дейінгі жеткіншектер 10 күн сайын 4 сағат бойы кешенді түрде ем қабылдап тұрады», дейді орталықтың қызметкері Жәнібек Жандуллаев.
Бұдан бөлек, тағдырдың қатал сынына жастайынан бетпе-бет келген балаларға мемлекет тарапынан қолдау-көмек көрсетудің, мейірім шуағын төгудің де рөлі орасан. Осындай мазмұндағы ізгі шара «Думан» ойын-сауық орталығында болды. «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында сал дертіне шалдыққан балаларға арнап «Думан» ойын-сауық орталығына тегін экскурсия өткізді. Бұл шараға 18 жасқа толмаған 100-ге тарта жеткіншек қатысты. Экскурсияның барысында балалар «Океанариумды», «Джунглий» аниматроникс театрын тамашалауға мүмкіндік алды.
«Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының төрағасы Мұхамеджан Болысбек «Жас Отан» Жастар қанатының мұндай сипаттағы іс-шараларды алғаш рет өткізіп отырмағанын, бұл бұған дейінгі шаралардың заңды жалғасы екенін жеткізді. «Біз негізінен, тұрақты түрде және түрлі бағытта шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Олардың барлығы «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында өткізіліп келеді. Мәселен, былтыр демеушілердің қолдау-көмегімен мүгедек балаларға арналған арбаларды сыйға тарттық. Жалпы, 2016 жылы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен бірлесіп 15 іс-шара өткіздік. Жетімдер үйімен, балабақшалармен арада тұрақты байланысымыз бар. Алдағы уақытта да осындай шараларды одан әрі жалғастырмақпыз. Біз осы арқылы олардың өмірге деген құлшыныстарын оятқымыз келеді. Ал бүгінгі шараны ұйым-
дастыруға қолдау көрсеткені үшін «Думан» ойын-сауық орталығының басшылығына алғысымызды білдіреміз», деді ол.
Шара соңында балаларға түрлі сый-сияпаттар ұсынылды, ал олардың жүздерінен байқалған қуаныш ұшқынын көрген ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре келе, әлеуметтік қызмет көрсету, қоғамға бейімдеу орталықтарының шарапаты әлі талай бүлдіршіннің аяғынан тік тұрып кетуіне септігін тигізетініне сенім білдірді. «Бүгін осы жерге екі мүмкіндігі шектеулі баламмен келіп отырмын. Балаларымның көңілі көтеріліп қалды, сол себепті ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін», деді елордалық тұрғын Алтынгүл Есіркепова.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АСТАНА

Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30
Өскеменде жарылыстан кейін ауа сапасы нашарлады ма?
Экология • Бүгін, 14:21
Астанада шілдеден бастап коммуналдық қызмет қымбаттайды
Энергетика • Бүгін, 14:02
Сурдлимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушылары 5,5 млрд теңге сыйақы алды
Спорт • Бүгін, 13:40
ІІМ: Қызметтік иттер көмегімен 50-ден астам кісі өлімі ісі ашылды
Қылмыс • Бүгін, 13:22
Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт заңсыз есірткі өсірген
Оқиға • Бүгін, 13:01
Өскемендегі жарылыс: Зауытта үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:57
Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:47
Депозит мөлшерлемесі артты: Қай банктер жоғары пайыз ұсынады?
Қаржы • Бүгін, 12:42
Қытайда фейерверк зауытында жарылыс болды: 21 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:32
Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:23