Отандық фармацевтикалық нарықтың көлемі 360 млрд теңгеге жуықтаған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты.
«Оның ішінде 160 млрд. теңгесін мемлекет сатып алады, оған бағалар белгіленген. Ал 280 млрд. теңге бизнес сатып алатын үлеске тиесілі. Ондағы тауарлар мен қызметтер реттелмейді. Дегенмен де біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз, осы ретте бизнеспен бірге тиісті шараларды қамтуымыз мүмкін»,-деді министр.
Сонымен қатар ол Қазақстанда дәрі-дәрмектің қымбатшылығына байланысты түсінік берді. «Тегін базалық медициналық көмек бағдарламасы бойынша дәрілерді Ресейден сатып аламыз. Егер де бұл елде қымбаттаса, бізде де баға көтеріледі. Ал дәріханаларда өткізілетін дәрі-дәрмектің бағасын біз реттей алмаймыз», - деді Тамара Дүйсенова. Сонымен қатар ол 2015 жылдан бастап Қазақстан референттік баға қалыптастыруға көшкенін еске салды.
«Тегін медициналық көмек аясында біз сатып алатын дәрілік заттар бойынша барлық бағалар төмен, себебі 2015 жылдан бастап референттік баға қалыптастыруға көштік. Осы орайда Ресейдегі, Беларусьтегі, Қазақстанның ішіндегі, сонымен қатар, Еуропаның бес еліндегі бағаларды қараймыз. Сондықтан да сатып алынатын дәрі-дәрмек бойынша қандай баға қалыптасып отырғандығы туралы нақты айта аламыз. Өткен және оның алдындағы жылдарда дәрілік заттарды 2014 жылдың бағасымен алдық. Қадағалау шаралары жүзеге асырылып жатыр. Біз тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында сатып алынатын дәрілік препараттардың бағасын толықтай реттеп отырмыз. Ал қалғандары тек нарыққа байланысты, яғни әрбір дистрибьютор өзінше өндірушімен шарт бекітіп, осында жеткізіп, бөлшек нарықта сатады», - деп түсіндірді министр.
• 24 Қаңтар, 2017
Отандық фармацевтикалық нарық көлемі 360 млрд теңгеге жуықтады

Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді
Олимпиада • Бүгін, 11:55
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Әскер • Бүгін, 11:45
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға жарыстардан шеттетілді
Бокс • Бүгін, 11:18
Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
Олимпиада • Бүгін, 10:48
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:18
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Қоғам • Бүгін, 09:15
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Реформа • Бүгін, 09:10
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Реформа • Бүгін, 09:07
Аймақтар • Бүгін, 09:05
Саясат • Бүгін, 09:03
Пікір • Бүгін, 09:00
Арал табанын қалай оазиске айналдырамыз?
Талбесік • Бүгін, 08:55
Экспорт • Бүгін, 08:50