Қазіргі күні еліміздегі жасырып-жабуға келмейтін және шешуін күттірмейтін мәселе ретінде, ішкі миграцияны реттеу жолдарын қарастарудың уақыты жетті деп ойлаймыз. Өйткені, қоғамдық ортада алаңдауға негіз болатын ахуал қалыптасып отырғандығын байқаймыз. Жалпы, кез келген елдегі жүйесіз урбанизация үрдісі әлеуметтік даму үдерісіне және рухани құндылықтарды сақтауда да басты қауіпке айналады. Яғни, ел ішіндегі көші-қонның реттелмеуі салдарынан, қолайлы аймақтарға жаппай қоныс аудару белгілі бір қиындықтар тудыруы мүмкін. Бұл әсіресе, үлкен қалалардың маңына аймақтағы адамдар нөпірінің көптеп шоғырлануынан байқалады. Рас, адамдар жақсы өмір сүруге, қала мәдениетіне қол созуға құқылы. Бірақ, Қазақстан сияқты ішкі өнімі мен өндіріс көзінің көп бөлігі ауыл шарушылығы секторында қалыптасып отырған мемлекетте адамдардың ауа көшуі мен жұмыс қолының бір жерге шоғырлануы тек қана әлеуметтік үйлесімсіздікке әкеліп қоймай, еңбек нарығының да ауытқуына соқтыратын жағдай. Деректер бойынша, алыс ауылдардың жекелеген елді мекендерінен көшіп кетушілердің есебінен, бұған дейін ауыл мәртебесін иеленіп келген мекендер есептеп шығарылып жатыр. Жалпы, қазақтың қала жағалап, ат басын нөпірлі орталыққа бұрғанына ширек ғасырға жуықтады. Осы уақыт ішінде шаһардың өз адамына айналғандар да көп, өгейсіп жүргендер де жетеді, не сіңіп кете алмай, не кері қайта алмай басы қатқандар да аз емес. Өкініштісі, қазақ әлі қалалық ұлт бола алған жоқ. Өйткені, қазақтың қалаға сіңісуі қиындау болып тұр. Бір қызығы, қазақтың қалаға сіңбей отырғандығының себептерін толық зерттеп, нақты шешу жолдарын ұсынып отырған тиісті мекеме немесе ғалымдар тағы жоқтың қасы екен. Демек, дәл осы ішкі миграция мәселесінде әркім қолы жеткенше әрекеттеніп, мүмкіндігі жеткенше мәселесін шешіп жатыр деген сөз. Мұның бір қауіпті нәтижесі халық көп шоғырланған қалалардың бас жоспарына қатысты байқалып отыр. Оның сипатын ашу үшін еліміздегі ең үлкен урбанизация орталығы болып отырған Алматы қаласын мысалға алайық. Әлеуметтік қайшылықтар да болмай қалған жоқ. «Шаңырақтағы», «Бақайдағы» қақтығыстар, «Қалқамандағы» жер дауы шешімін күткен мәселелердің тым көп екенін ашып берді. Былайша айтқанда, Алматының маңайы шаһар кейпінен айырылды. Өкінішке қарай, бұл бір Алматының басындағы жағдай емес. Қазір Шымкент ұзыннан-ұзақ дуалдарға толып бара жатыр. Таразда да жұрт білген жобасымен қала айналасына қараша үйлерді қаптатты. Астана маңында ауыз суға зәру қала типтес ауылдар жетерлік. Кезінде жер алып, шамасы жеткенінше үй салған жұрт Астананың оңтүстік-шығыс ауданын түрлі қарама-қайшылықтар бейнесіне айналдырып жіберді. Атыраудағы орталық көшенің айналасы ғана қала сипатты, басқа тұстары сол қараша үйлер екенін тұрғындардың өздері мойындайды. Мұның сыртында, тірек қалаларда өзге өңірден көшіп келген отбасына үй және жұмыс табу мәселесі өткір тұр. Ауыл тұрғындарының көп бөлігі үлкен қалаға тәуекелге бел байлап көшеді, сондықтан да кездейсоқ жалақыға өмір сүреді, ұсақ көше саудасымен айналысып, қызмет көрсету саласында еңбектенеді. Тіпті, келушілердің көпшілігі қаладағы жайсыз, құлағалы тұрған үйлерді мекендейді. Демек, адамдар осылайша әлеуметтік аутсайдерлердің қатарын толтырып отыр. Қылмыстың өршуі мен жұмыссыздар армиясының артуы өз алдына бөлек әңгіме. Қазіргі күндегі тұрақты және уақытша тіркеу жағдайының қоғам тарапынан қабылданбай, қызу қарсылыққа ұласуы да үлкен қалалардағы жүйесіз көші-қонның ащы «жемісі» екенін көріп отырмыз. Жалпы, мұндай үрдіс бүкіл әлемде болған екен. Қазір де жүріп жатыр. Бірақ, біз дамушы ел ретінде сол үдерістердің жақсы тұсын ғана үлгі етіп алсақ керек-ті. Жоқ, керісінше болды... Демек, ішкі миграцияны реттеудің күн тәртібіне шығуы заңдылық. Айтпақшы, деректер ауылдық жерлерде жалпы халықтың 47 пайызы тұрады дейді. Бұл ел тұрғындарының тең жартысына жуығы деген сөз. Демек, урбанизация үрдісі әлі толық күшіне мінбегені ме? Және бір дәйекке сенсек, сол 47 пайыз үлестің тек 25 пайызы ғана ауыл шаруашылығында жұмыс істейді екен... Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Қоғам • Бүгін, 10:38
ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты
Технология • Бүгін, 10:28
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Спорт • Бүгін, 10:17
Табыс пен шығыстың сәйкестігі тексеріледі
Қаржы • Бүгін, 10:03
Еліміздің батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:33
Ауа райына байланысты төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы • Бүгін, 09:23
ММА: Жұман Жұмабеков бразилиялық қарсыласын жеңді
Спорт • Бүгін, 09:15
Батыс Қазақстан облысы активі жаңа Конституция жобасын қолдады
Аймақтар • Бүгін, 09:13
«Ауыл аманаты» жастарды қолдайды
Жоба • Бүгін, 09:10
Ақтөбеде сурдофутзалдан Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Бүгін, 09:09
Қазақстан чемпионаты: Бірінші лигада кімдер ойнайды?
Спорт • Бүгін, 09:07
Агроөнеркәсіп кешенін өрістетудің маңызы
Шаруашылық • Бүгін, 09:05
Елдік жаңарудың жасампаз философиясы
Пікір • Бүгін, 09:00
Тарихи жауапкершіліктен туындаған шешім
Пікір • Бүгін, 08:58