Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына Үкімет қаулысына сәйкес қазақтың көрнекті жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хамза Есенжановтың есімі берілді.
Бұл мәселе жөнінде бұған дейін құзырлы органдарға тиісті ұсыныс-тілектер жолданған болатын. Үкімет тарапынан осы орынды ұсыныстың түсіністікпен қабыл алынуы батысқазақстандық зиялы қауым өкілдерінің ризашылығын туғызып отыр. Осынау жағымды жайт ұзақ жыл бойы тағдыр теперішін тартқан жазушы жөнінде бір-екі ауыз ой өрбітуге қозғау салды.
Аталған суреткердің өресі биік, ең басты әдеби туындысы «Ақжайық» трилогиясы екені белгілі. Осы арқылы Хамза Есенжанов қазақ әдебиетінде тұңғыш рет трилогия жанрының негізін қалады. Мұнда автор Ақжайық өңіріндегі тұтас бір дәуірдің шынайы көрінісін жасаған. Саяси қуғын-сүргін жылдары Хамза Есенжановқа саяси айып тағылып түрмеге қамалған. Ол осылайша өз өмірінің жиырма жылға жуық уақытын абақтыда өткізген.
Түрмеде жатып трилогия жазу мүмкін бе? Бұл сұраққа жауап беруге келгенде кім-кім де тосылып қалары анық. Мұндайда мүмкін емес деген ойдың басым түсуі де жазылмаған заңдылықтай көрінеді. Міне, жазықсыз жазаланған жазушы осы мүмкін еместі мүмкін жасаған. Жан-жақтан аңду мен қадағалау және тінту қойылғанына қарамастан, ол «Ақжайық» трилогиясын түрмеде жазып шыққан. Қаламсап та, қағаз да жоқ түрме камерасы жағдайында ол трилогиясын қайыңның қабығына түртіп түсіріп, оны көпшіктің тысына салып сақтаған деседі. Трилогияның бірінші бөлімі жазушы бостандыққа шыққаннан кейін 1957 жылы жарық көрсе, қалған екі кітабы 1959 және 1965 жылдары жарияланған.
Хамза Есенжанов сталиндік зұлмат дәуірдің шындығын бұл тақырып мүлдем жабық болған кеңестік идеология кезеңінің өзінде тұспалдап жазуға батылдық жасаған. Әсіресе, бұл шындық оның «Ағайынды Жүнісовтер» романынан анық байқалады. Оның барлық саналы ғұмыры түрменің тас қапас камерасында өтуінің бір сыры осында деуге болады.
Хамза Есенжановқа 1967 жылы «Ақжайық» трилогиясы үшін сол кезде тұңғыш рет белгіленген Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген. Ол түрмеде тартқан ауыр азаптың салдарынан 1974 жылы 65 жастан асқан шағында дүниеден озды.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстан облысы

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше