Балабақша меңгерушісі Мәдина Дәрібаеваның айтуынша, сынаққа барлық 38 тәрбиеші өз еркімен қатысып жатыр. Оларды 34 интеллектуалдық камера бақылауға алған.
Камералар дедукция тәсілімен қатысушылардың эмоционалдық жағдайын бақылайды. Ал ЖИ тәрбиешілер мен сәбилердің дөрекі қылықтары мен сөздерге жол беруін анықтайды. Жартыжылдық қорытындыға қарағанда қызметкерлердің психикалық-эмоциялық индексі төмен бағаланған (36,8).
Соның ішінде кейбір тәрбиешілер шаршағандықтан ресурсын төмендеткен, кейбірі эмоцияға беріліп, өз міндетінен шеттеген, тағы біреулері жұмысының тиімділігіне шәк келтіретін болып шыққан.
Балаларды инемен қорқытқан: Шымкентте балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Мұндай тәжірбие Қазақстанда тұңғыш рет жасалып отыр.