Биылғы қыстың қалың қары ауылдарды ақ көрпеге орады. Қалаларда болса машиналар аулалардан, көшелер маңындағы жолдардан қарды тонналап тасып әлек. Қыс қызығы деген осы. Бос уақыт болса қала сыртына шығып, шаңғы, коньки теуіп, шанамен сырғанап, отбасыңмен демалып, сергігенге не жетсін.
Ал Михайловка ауылының тұрғыны Александр Друзик балалардың сабақтан бос уақытында қыс қызығын көңілді өткізулеріне жаңажылдық сыйлық жасапты. Сөйтіп, Александр өзі тұратын үйінің жанынан биік сырғанақ жасапты, тіпті, балалармен бірге үлкендер де шанамен сырғанайды екен. Сырғанақтың биіктігі 3,5 метр, жанында жарық жанып тұрады. Сырғанақтың қасынан балаларға түсіп-шығулары жеңіл, жылдам болу үшін арнайы саты да жасаған.
– Әртүрлі әуендер, музыка ойнап тұрады. Көңілді. Бізге жыл сайын Александр Друзик осындай көңілді сырғанақ жасап береді. Гаджеттер, компьютерлерден бір сәт демалып, таза ауада жүреміз. Шағын футбол алаңымыз да бар, асхана ашылды. Шахмат ойнауға да уақыт табамыз, – дейді балалар.
Олардың айтуынша, ауылдың тағы бір тұрғыны Виктор Заламаев көршілес ауыл мектептерінің оқушылары арасында шахматтан турнир өткізіп тұрады екен. Әр ауылдан осындай демеушілер табыла берсе дейсің.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Железин ауданы

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше