Францияның La Poste пошта қызметі хаттар мен сәлемдемелерді жеткізу үшін дрондарды қолданатын болды. Тіпті, компания аталған қызмет үшін Азаматтық авиацияның бас басқармасынан рұқсат та алыпты. Алдымен дрондар Францияның оңтүстік-шығысындағы Вар департаментіне жіберіледі, деп жазды Platforma басылымы.
Бұған дейін дрондарды бұл мақсатта Австралия, Сингапур, Швейцария, Amazon компаниясы АҚШ-та ара-тұра қолданып тұрды. Бірақ оның жиі қолданылуы әлі ешқандай елдің тәжірибесінде жоқ.
Аталған тасымал түрі екі жыл бойы сынақтан өткізіліпті. Аппараттар осы уақыт аралығында барлығы 600 сағат ауада болған. Сонымен қатар дронның қонуы үшін арнайы орындар да жасақталған. Бір айта кетерлігі, дрондар коммерциялық компаниялардың салмағы 3 килограмнан аспайтын поштасын тасиды. Олар 20 км бойы 30 км/сағат жылдамдықпен ұша алады. Сондай-ақ навигация үшін аппарат камера мен GPS қолданады. Ал ақау пайда болған жағдайда, автоматты парашют қосылады.
Көз алдыларыңызға аталған процестерді елестету үшін Amazon интернет компаниясының басшысы Джефф Безостың пошта қызметіне дрондарды ең алғаш қолданған кездегі видеосын назарларыңызға ұсынамыз.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше