Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иесі Геннадий Головкин Power радиостанциясындағы The Breakfast Club бағдарламасына сұхбат берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Сұхабат барысында GGG алдағы кездесуі жайлы, сондай-ақ қарсыластарының деңгейінің төмендігіне қатысты айтылып жүрген сынға жауап берді.
«Өзге боксшылардың менімен не себепті жекпе-жек өткізгісі келмейтінін жақсы білемін. Бірақ бұл бас ауыртар мәселем емес. Ол туралы Абель Санчестен сұрап көріңіз (жаттықтырушысы), бұл оның кінәсі (күлді)», – деді ол.
«Өздеріңіз білесіздер, мен кіммен болсын жұдырықтасуға, келіссөз өткізуге дайынмын. Шыны керек, қазіргі сәтте мен қиын жағдайдамын. Барлығы «Мен үздікпін әрі мықтымын, маған тең келер ешкім жоқ. Сенімен жекпе-жекке дайынмын!» дейді. Өз кезегімде мен оларға келісімшартқа қол қоюды ұсынамын. Міне, осы жерден бәрі бітеді. Ешкім бұл қадамға бармайды», – деді Головкин.
Шаршы алаңға шыққанда қарсыласынан қаймығып қалып, жүрексінетін кездері болды ма деген сұраққа: «Мен ешкімнен қорыққан емеспін. Қайта жұдырықтасқан ұнайды. Бокс мен үшін бірінші кезекте спорт», – деді ол.
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше