WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Лос-Анджелесте журналистерге берген сұхбатында 2016 жылы боксқа деген құштарлығы басылып қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«2016 жылы шынымен де боксқа деген құштарлығым басылып қалды. Түсінесіз бе, менің атымды атап, жекпе-жекке шақырғандар көп болғанмен, іс жүзінде ешкім кіріспейді. Тіпті бұған дайын да емес. «Канело», Сондерс, Фроч, Юбенк, Чавес. Ақылға қонымсыз. Сөздері мен істері сай келмейді», – деді GGG.
«Бірақ енді өзіме нағыз қарсыласты тапқан сияқтымын. Джейкобстың сұхбаттары мені жігерлендіре түседі. Альварес? Мүмкін болашақта кездесіп қалармыз, ал қазіргі уақытта бұған ешқандай қызығушылығым жоқ», – деді Головкин.
Айта кетейік, қазақстандық боксшымен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы айқас 2016 жылы өтуі тиіс еді. Бірақ мамыр айында «Канело» міндетті жекпе-жектен бас тартқаннан кейін оның WBC белбеуі Геннадийге берілген болатын.
Ал 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында америкалық Дэнниэл Джейкобспен жұдырықтасады.

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше