Ол кәсіби мүсінші емес. Бірақ саз балшықтан мүсін жасау Қайсардың бала күннен сүйікті ісі. Жақында ғана ол белгілі кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің мүсінін жасады. Алдымен оны саз балшықтан ойып, онан кейін пластмассадан құйған. Мүсіннің күміс және алтын түстес бояулармен боялған екі түрін дайындады.
– Мүсін столдың үстіне қоюға, кәдесый ретінде жасалды. Оның биіктігі 17 сантиметр, салмағы 600 грамм. Үлкейтуге де болады, – дейді Қайсар Нұғыманов.
Кішкентай ғана мүсіннен білегінің бұлшық еті ойнап, жеңісіне, жанкүйерлердің сенімін ақтағанына марқайған Генаның жүзін көреміз.
– Головкин асқан талантты спортшы. Ол жастарға, оның ішінде қазақ жастарына керемет үлгі. Гена өзін тек қазақстандықпен деп қана қоймайды, қазақпын дейді. Сұхбат бергенде арасында қазақ сөзін қосып қояды, бұл оның еліне деген құрметі, – дейді Қайсар.
Бұл мүсінші жігіттің бірінші жұмысы емес. Ол бұған дейін әл-Фарабидің, Муаммар Каддафидің, Бенджамин Франклиннің және тағы басқалардың мүсінін ойды.
Қайсар қазір Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсінін жасауға кірісіпті. Ол алдағы уақытта қазақ халқының қайраткер, кемеңгер перзенттері мүсіндерінің жиынтығын жасауды мақсат тұтып отыр.
– Халқымыздың тамаша тұлғалары көп, оларды Елбасынан бастадым. Олардың арасында Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың мүсіні міндетті түрде болады. Ол мүсіндерді мектептерге таратуды да армандаймын. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыста Рейхстагқа тұңғыш ту тіккен қазақ екенін әлем білуі керек, – деп толғанады Қайсар.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше