Белгілі тарихшы Ермұхан Бекмахановтың қиын тағдырын бейнелеуге құрылған Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманаты» мен Досхан Жолжақсынов түсірген «Құнанбай» фильмдері қаңтардың 12-29 аралығында Болгарияда өтетін ІХ халықаралық MENAR кинофестиваліне қатысады. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өнімдері көпшілікке «Фокус» бағдарламасы аясында көрсетіледі.
Кенесары ханның азаттық қозғалысы туралы тарихи монография жазып, сол үшін қудаланған көрнекті ғалымның тағдыры жайында туынды көрермендердің де, киносыншылардың да көңілінен шыққаны есімізде. «Балалық шағымның Дон Кихоты» (1978 ж), «Көзімнің қарасы» (1994 ж), «Қызжылаған» (2002 ж), «Мұстафа Шоқай»
(2008 ж) сынды фильмдерімен режиссерлік қарымын дәлелдеген С.Нарымбетовтің «Аманаты» «Оскар» жүлдесінің «Ең үздік шет тіліндегі фильм» таңдалымына ұсынылған болатын.
Ал Досхан Жолжақсыновтың тарихи тұлғасы қайшылықты пікірлерден даралана алмай келе жатқан дала кемеңгері Құнанбайдың өмірі жайлы баяндайтын «Құнанбай» фильмі көрерменге жол тартқалы бірқатар аламан бәйгелерде бақ сынап үлгерді. Былтыр алғашқы ұлттық «Тұлпар» кинобәйгесінде топ жарып, фильмнің авторлары үздік деп танылды. 2016 жылдың қыркүйегінде аталмыш картина XII Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалінің конкурстық бағдарламасында көрсетіліп, Уфада өткен III халықаралық «Күміс Ақбозат» ұлттық және этникалық кинофестивалінде Әмір Әбдіразақов атындағы «Ұлттық рух» жүлдесін иеленген.
Софиядағы MENAR халықаралық кинофестивалі Балқан түбегіндегі ең ірі мәдени оқиғалардың бірі болып саналады. Фестиваль жыл сайын көрермен қауымды мұсылман әлемінің дәстүрі мен мәдениетін паш ететін фильмдермен таныстырады. Фестивальдың бағдарламасы аясында Қиыр Шығыста, Орталық Азия елдері және Солтүстік Африкада түсірілген үздік көркем, деректі және қысқаметражды фильмдер де көрермен назарына ұсынылмақ. Қазақстандық картиналар 14 қаңтар күні «Еуросинема» кинотеатрында ағылшын тіліндегі субтитрлармен көрсетілетін болады.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
• 11 Қаңтар, 2017
«Аманат» пен «Құнанбай» MENAR фестиваліне қатысады

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03