Соңғы он жылдан бері Жарылқасын Байжанов деген азамат Жем өзеніне шомылады. Жылдың жылы мезгілі емес, қақаған қыста да өзен суына бір шомылмай, ішкен асы бойына батпайды. Өзінің айтуынша, әрине, бірден өзеннен үкі ойып, салқындығы дене қаритын суға сүңгімеген. Алдымен, қыс айларында денесіне шелекпен мұздай су құйған. Кейіннен қарға аунап, денесін ақ ұлпамен ысқылаған. Осылайша, ағзасын салқын суға үйреткен.
– Қазір жасым 60-та, – дейді Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылында тұратын Жарылқасын Байжанов. – Қыс бойы өзен үстінде жалаңаяқ жүремін. Мұз араласқан суға шомыламын. Кешкі 6-дан кейін тоя тамақ ішпеймін. Салқын суға шомылғанымның нәтижесінде денсаулығым ойдағыдай. Қан қысымым тұрақты, бірде-бір сырқатым жоқ. Осының бәрі алдымен, өзімнің денсаулығымды сақтап, ауырмауым үшін қажет. Екіншіден, жастардың саламатты өмір салтын қалауына жол көрсеткім келді.
Оның айтуынша, қазіргі жас жігіттердің арасында суыққа шыдай алмай, түрлі сырқаттарға шалдығатындар көбейіп барады. Мұның басты себебін олардың денесін салқын сумен шынықтыруға мән бермеуінен көреді. Ал өзі қыстың үскірік аязында өзенге шомылуды спорттың бір түріне жатқызады. Содан болса керек, оны ауылдастары «морж» деп атайды.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
Атырау облысы

Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13