Өткен жылы «Ресейдің ең үздік жас шығармашылық қайраткері» атанған омбылық дизайнер Ермек Хапизов Омбыда өз атымен аталатын «KHAPIZOV ERMEK» сән үйін ашты. Осылайша ол Ресей қазақтарының ішінде бірінші болып сән үйін дүниеге әкеліп отыр.
Омбы қаласында ағаш ұстасының отбасында дүниеге келген Ермек Елубайұлы мектеп қабырғасында жүріп-ақ дизайн және сән өнерінің әліппесін меңгере бастайды. Алғашында спортпен әуестенген жігіт 14 жасында «Фитодизайн» сән студиясына жазылады.
Өнердің бөлек бір саласына бет бұрған баланың қызығушылығын байқаған ата-анасы оған «Зингер» тігін машинасын сатып әпереді. Ермек осыдан кейін қиялындағы киім үлгілерін жобалап, пішіп, тіге бастаса керек.
Ісмер талант одан кейін жеке топтамаларын жасау барысында электрмеханикалық тігін машинаға да қол жеткізеді. 9-сыныпта оқып жүргенде үш бірдей халықаралық фестивальда бақ сынайды. Соның біріншісі – Мәскеудегі «Этно-Эрато» байқауы. Оған ұлттық нақыштағы жеке топтамасымен қатысып, Үкімет үйінің үлкен залында болған ақтық сынға жолдама алған үздік ондықтың қатарынан табылады.
10-сыныптан бастап киім дизайны мамандығы бойынша Омбы мемлекеттік сервис институтына түсу үшін әзірлікке кіріскен ол, 11-сыныпта табыс табу үшін әйелдерге арналған «Сібір Атлантидасы», ерлерге арналған «Жаңа дәуір» деп аталатын коммерциялық топтамаларын жасайды. Еңбегі ақталып әйелдерге арналған киімдері толықтай, ал ерлерге арналған топтамасының төрттен үші тұтынушысын табады.
Бар болғаны 19 жасында Жанна Фриске, Маргарита Дробязка, Анфиса Чехова, Прохор Шаляпин, Марина Орлова, Мария Арбатова сияқты өнер майталмандарын өз клиентіне айналдырған Ермек Елубайұлы дипломдық топтамасын Вячеслав Зайцевтің сән үйінде көрсетіп, сәтті қорғап шығады. «Сән зертханасында» дизайн-жобалар жетекшісі болып, жас дизайнерлерді оқытқан ол бүгінде ұстаздық қызметін Халық өнері жоғары мектебінің Омбы филиалында жалғастырып жүр.
Қазақ жігіті өткен жылы қарашаның аяғында Омбы облыстық мемлекеттік «Либеров-Центр» көркемөнер музейінде «Рубаи» деген тақырыппен кешін өткізді. В.Зайцев, М.Арбатова, М.Орлова, П.Шаляпин, М.Дробязко, П.Ванагас сияқты өнер майталмандары шақырылған бұл кеште автор өзінің әйелдерге арналған «Рубаи» атты жаңа топтамасының көрсетілімін жасады.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
журналист
АЛМАТЫ

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03