ОҚО-да 265 млрд.теңгенің мүлкі мен ақша жария етілді. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде Қаржы басқармасының басшысы Кеңесбек Мендебаев пен ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Әбдісалан Сағымбектің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қаржы басқармасы басшысының айтуынша, жария етілгендердің ішінде құны 108,8 млрд. теңгені құрайтын 11711 жылжымайтын нысан заңдастырылған. Оның 43,7 млрд. теңгесі Шымкент қаласына тиесілі болса, 65,1 млрд. теңге аудан-қалалардың үлесі. Жария етілгендердің ішінде құны 75,2 млрд. теңгені құрайтын 10225 тұрғын үй, 33,6 млрд. теңгелік 1486 коммерциялық және басқа да нысандар бар.
Ал Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан, жалпы құны 422,3 млн. теңгені құрайтын 50 жылжымайтын мүлік, 12 заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі және 3 бағалы қағаздар бойынша қабылданған өтініштер заңдастырылды. Сонымен қатар 155,9 млрд. теңге жария етілді.
«2016 жылдың 30 желтоқсанында еліміздегі мүліктер мен қаржыларды жария ету жұмыстары аяқталды. Қорытындысында жоғары көрсеткіштерімен белсенділік танытқан Оңтүстік Қазақстан облысы елімізде төртінші орынды иеленді», - деді Кеңесбек Нүсіпқұлұлы.
«Енді елімізде заңдастырылмаған мүлік үшін ешқандай ескертусіз бірден 530250 теңге (250 АЕК) айыппұл салынады. Ал егер бұл талап бір жыл ішінде орындалмаса, заңсыздық жойылмаса, 500 АЕК көлемінде айыппұл төлетіледі. Мүлкі мен қаржысын заңдастырып үлгермегендерді осындай жаза күтіп тұр. Ал осы үш кезеңде барлық дүниесін жария еткендер туарлы мәлімет ешкімге берілмейді және олар мемлекет тарапынан барлық жағынан қорғалады», - деді Әбдісалан Жораұлы.

Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47