Мәжіліс депутаттары Гүлжан Қарағұсова, Татьяна Яковлева және Аманжан Жамалов БҚО-ға жұмыс сапары кезінде Зеленов ауданы активімен, сондай-ақ Орал қаласында «Квант» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттар Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылындағы Достық үйінде болып, осындағы этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты. Актив жиынында аудан әкімі Кәрім Жақыпов астықты әрі өндірісті өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды.
Мәжіліс депутаттары Елбасы бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы әңгімелеп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Депутаттар Г.Қарағұсова, А.Жамалов, Т.Яковлева сондай-ақ өңірге танымал жиһаз шығарумен айналысатын «Квант» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, олардың да ұсыныс-пікірлеріне ден қойды.
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың атап өткеніндей, Елбасымыз шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетумен бірге олар өндіретін өнім көлемін көбейту міндетін қойғаны белгілі. Егер ел экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік үлесі молайса, түсетін салық та артады. Ең бастысы, кәсіпорындар жаңа технология негізінде өндіріс тұрақтылығы мен өз жұмыс әлеуетін сақтай отырып, халыққа қажетті, сапалы өнім өндіруге бағыт ұстауы тиіс. «Аудандар мен Орал қаласындағы кездесулер кезінде айтылған құнды ұсыныс-пікірлер Үкіметке дейін жеткізіліп, жұмыс барысында ескерілетін болады», - деді А.Жамалов.

Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13