Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов уақытша тіркеуге байланысты есік ашпайтын қазақстандықтарды тексерудің басқа жолын қарастыратынын мәлімдеді.
Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген Қалмұханбет Қасымов министрлік уақытша тіркеуден өтпегендерге айыппұл салуға әлі кіріспегенін айтты. Сондай-ақ «Азаматтың үйге келген полицейге есік ашпауға құқығы бар ма?» деген сұраққа: «Жарайды, ашпаңыздар, біз тексерудің басқа амалын табамыз», – деді.
«Себебін өздеріңіз білесіздер, қазір Универсиаданы күтіп отырмыз. Сондықтан 4 қаңтарда жиналыс өткізіп, қалада жоспарлы түрде тексеріс басталды. Алғашқы айда тек ескерту жасаумен шектелеміз. Ал одан кейін тиісті шаралар қолданамыз. Уақытша тіркеу – бұл ең тиімді жолы. Мәселен, қазір Астанада пәтер алу үшін кезекте тұрған адам жұмыспен Атырауға баруы керек болды делік, сонда не істеуі керек? Біз оның тұрғылықты жеріндегі тіркеуден шығармай, барған жерінде де тіркеуге тұруға, жұмыс істеп, пәтер алуға мүмкіндік береміз» деді министр.
Жақында басталған тексеріс Алматыдағы Универсиадаға байланысты жүргізілген.
«Біз тек Алматыда тексеріс жүргіздік, ол уақытша тіркеу мәселесіне байланысты емес, бірақ өзге өңірлерде бұл іс жүргізілмеді. Алматыда заңсыз тұрып жатқандарды тексереміз» деді Қасымов.
Айта кетейік, бүгін Үкiмет отырысында ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев тiркеу енгiзiлгеннен кейiн халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезектiң қалыптасқанын, сондай-ақ жалпы тiркеудiң халық арасында наразылық тудырғанын айтты. Премьер-Министр тiркеуге қатысты сұрақтардың тым көп екенiн және түсiндiру жұмыстарының дұрыс жүргiзiлмегенiн де жеткiздi. Осыған байланысты жаңа бастамаға көшпес бұрын электрондық тiркелу жүйесiн әзiрлеу керектiгiн мәлімдеді.
• 10 Қаңтар, 2017
Қасымов: Уақытша тіркеуге байланысты тексерудің басқа жолын қарастырамыз

Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13