Жақында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, дирижер, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Оразғали Жүнісбекұлы Сейітқазының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Киелі Семей» атты жеке шығармашылық концерті Алматы қаласының Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің концерт залында табысты өтті.
Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияны бітіріп, жолдамамен Семейге келген жас маман осында қырық жылдан астам уақыттан бері өнер саласында жемісті қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде ол Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияға басшылық етті, сонымен бірге сондағы Бибігүл Төлегенова атындағы ұлт аспаптары ансамблінің бастауында болып, сол танымал ансамбльдің білікті дирижері атанды. Орекеңнің сан салалы сазгерлік жолы мен ұлылар еліндегі жас таланттардың ұстазы ретіндегі қажырлы еңбегі өз алдына бір әңгіме. Соның бәрі қосыла келгенде оның Семейдегі іргелі жоғары оқу орнының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атануына жол ашты.
Міне, енді өзара келісім бойынша осыдан бірнеше ай бұрын жоспарланған Алматыдағы жеке концертінде О.Сейітқазы бүкіл дүние жүзіне кеңінен танымал қазақ музыка өнерінің киелі қара шаңырағына айналған атақты өнер ұжымы – Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ халық аспаптары оркестріне кеш бойы дирижерлік жасады.
Концертте Абай, Құрманғазы, Н.Тілендиев шығармаларымен қатар Семей өңірінің танымал композиторлары Т.Базарбаевтың, Ж.Дәстеновтің, Қ.Досымжановтың, К.Алдекеновтың таңдаулы шығармалары, О.Сейітқазы оркестрге өңдеген Л.Боккеринидің «Менуэт», П.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен «Гүлдер вальсі», А.Бабаджанянның «Ноктюрн» атты әлемдік классикалық шығармалары және өзінің көптеген ән-күйлері орындалды. Концертке еліміздің атақты өнер жұлдыздары – Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Баян Сағынбаева, Жарқын Шәкәрім, Жанас Бекентұров, Еркін Шүкіман, Дәлел Уәш, О.Сейітқазының шәкірттері – ҚР Мәдениет қайраткері, сыбызғышы Талғат Мұқышев, Халықаралық конкурстардың лауреаты, домбырашы Айбек Бекбосынов, Республикалық конкурстың дипломанты, қылқобызшы Меруерт Ақанаева және халықаралық конкурстардың лауреаты, әнші Нұрсұлтан Шатырханұлы, талапты жас әнші, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті Ерлан Леспаевтар қатысты.
Концерттік бағдарлама талғампаз Алматы жұртшылығының көңілінен шығып, зор қошеметке ие болды. Аталған іс-шара туралы бейнеақпарат «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасынан көрсетілді.
Бүкіл республика көлеміне белгілі музыка қайраткері О.Сейітқазының бұл жеке шығармашылық концертін семейліктер, жалпы өнер сүйер қауым үшін айтуға тұрарлық оқиға деуімізге де болады. Олай дейтініміз, Семей тұрмақ, еліміздің Шығыс өңірі тарихында О.Сейітқазыдан бұрын ешкім Алматыдағы атақты оркестрмен жеке шығармашылық концертін өткізбеген. Осыдан-ақ қайраткердің кәсіби деңгейінің жоғары екендігі байқалады. Сондықтан қайраткердің табысты бұл концерті шығыс өңірі мәдени өміріндегі де айтарлықтай жарқын бір белес болды деп білеміз. Ал оның ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық дүбірлі мерекесі қарсаңында өтуі және жарасып жатты.
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ,
журналист
АЛМАТЫ

Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды
Әлем • Бүгін, 19:42
Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды
Ауа райы • Бүгін, 18:45
Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді.
Оқиға • Бүгін, 18:25
Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 17:55
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Референдум • Бүгін, 17:45
Қостанайлық сарапшылар жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:38
Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты
Әлем • Бүгін, 17:24
Әлихан Бөкейхан немесе бақсылар қорыққан бала
Тұлға • Бүгін, 17:21
Әзербайжандағы дрондар шабуылынан екі адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 17:08
Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:50
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:48