28 Қыркүйек, 2016

Ольга Рыпаковаға Бейжің Олимпиадасының қола медалі беріледі

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20160815_08_22_15_25909   2008 жылы өткен жазғы Олимпиада ойындарында  үш қарғып секіру бойынша сайысқа түскен грекиялық жеңіл атлет Хрисопия Деветци Олимпиада жүлдесін ХОК-қа қайтарады. Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы шығарған шешімді бүгін, 28 қыркүйекте Inside The Games басылымы мәлімдеді. Бейжиің Олимпиадасында Хрисопия Деветци үш қарғып секіру бойынша қола жүлдеге ие болған еді. Аталмыш сында қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова төртінші орынға табан тіреген болатын. Хрисопия Деветци Олимпиада жүлдесін қайтарған жағдайда, Олимпиаданың қола медалі Ольга Рыпаковаға беріледі. Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін иемденсе, өзі қатысқан үш Олимпиаданың жүлдегері атанады. Қайта тексеріс барысында Деветцидің 2007 жылғы талдамасынан анабиологиялық стероид табылғандығы анықталды. 2009 жылы Хрисопия Деветци допинг тексеріске қарсылық танытып, спорттағы карьерасын аяқтаған. Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы 40 жастағы Хрисопия Деветциді 2019 жылға дейін барлық жарыстан шеттетті. Сонымен қатар, Хрисопия Деветцидің 2007 жылдың 31 тамызы мен 2009 жылдың  30 тамызы аралығында қатысқан барлық жарыстарындағы нәтижелері жоққа шығарылады. Халықаралық допингке қарсы агенттіктің жаңа ережесі бойынша спортшылардың сынамалары жарыстан кейін 10 жыл  көлемінде сақталады. Халықаралық Олимпиада комитеті осыған дейін Хрисопия Деветциден бөлек, Бейжің Олимпиадасының үш жүлдегерінен медальдарын қайтарып алған болатын.   Әйгерім ТОҚСАНБЕК im578x383-grek