Жақында Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Гурм бен Саид әл-Малхан Корольдіктің 85-ші Ұлттық күніне орай ресми қабылдау жасады. Бұл күні Сауд Арабиясы Корольдігінің негізін қалаушы марқұм Абдулазиз бен Абдуррахман әл Сауд Сауд Арабиясының халқын бір тудың астына жинап, тұтас мемлекет ретінде біріктірген болатын.
Сауд Арабиясы Корольдігі құрылғалы бері даму жолында көптеген қадамдар жасап, қазіргі таңда халқына және онда тұратын азаматтарға ең жоғары деңгейде қызмет көрсететін елге айналды. Қазіргі кезде алдыңғы қатарлы медициналық және білім беру мекемелері, 47 жергілікті және халықаралық әуежай қызмет етеді. Сондай-ақ, заманауи ғылымдарға арналған зерттеу орталықтары құрылды.
Сауд Арабиясы Қос киеге қызмет етуді әрқашан өзіне мәртебе санайды. Қажылар мен умра жасаушыларға міндеттерін барынша жеңіл атқару мақсатында көптеген жеңілдіктер жасалынуда. Корольдік әлемдегі ең көп гуманитарлық және даму жолында көмек көрсететін 10 ірі мемлекеттің бірі болып табылады. БҰҰ-ның статистикасы бойынша, бұл ел өткен жылы 6-шы орынды иеленді. Соңғы 40 жылда көрсеткен көмегінің жалпы көлемі 115 миллиард доллардан асқан. Осы жылдар ішінде Корольдік әлемнің 90-нан астам еліне көмек көрсетіпті.
Саудиялық елші қабылдауда сөйлеген сөзінде екі ел арасындағы ынтымақтастыққа ерекше тоқталды. «Сауд Арабиясы Корольдігінің Королі, Қос киенің сақшысы Сәлман бен Абдулазиз әл Сауд пен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығы аясында екі ел арасында екіжақты достық қарым-қатынас орнаған. Соның арқасында ынтымақтастық жаңа сатыға көтерілді», – деді елші.
Елші, сондай-ақ, соңғы бір жылдағы екі елдің қатынастарынан хабардар етті. Оның айтуынша, Эр-Рияд қаласында Біріккен қазақ-сауд комиссиясының 4-ші отырысы өтті. Комиссияға қазақстандық тараптан Инвестициялар және даму министрі төрағалық етеді. Корольдіктің Сауда және өндіріс министрі 135 адамнан құралған үкіметтік делегацияны бастап, Қазақстанға сапармен келіп қайтты. Сонымен қатар, екі ел тарапынан көптеген салаларда келісімшарттар мен түсіністік меморандумдарының жобалары аясында талқылау үдерісі жүріп жатыр.
«Осы жылы Қазақстан қажылары Алматы әуежайынан Мәдине және Жидда қалаларына тікелей рейспен алғаш рет сапар шекті. Бұл қажылардың Қазақстаннан Сауд Арабиясына дейінгі сапарының уақыты едәуір қысқарды дегенді білдіреді. Мәселе Қазақстанның құзырлы органдарымен жақсы ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асты», – деді Гурм бен Саид әл-Малхан.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ

Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Бүгін, 20:42
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Бүгін, 20:26
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
Оқиға • Бүгін, 20:17
Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды
Әлем • Бүгін, 19:42
Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды
Ауа райы • Бүгін, 18:45
Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді.
Оқиға • Бүгін, 18:25
Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 17:55
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Референдум • Бүгін, 17:45
Қостанайлық сарапшылар жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:38
Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты
Әлем • Бүгін, 17:24
Әлихан Бөкейхан немесе бақсылар қорыққан бала
Тұлға • Бүгін, 17:21