Қарағанды облыстық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары бірігіп жүргізген рейд кезінде киікті заңсыз аулап жүрген браконьерлер қолға түсті.
Нұра ауданындағы Жанбөбек ауылынан 30 шақырым жерде 52 және 45 жастағы екі күдікті ұсталды. Олар тұрып жатқан вагон ішінен 6 киіктің бұтарланған еті табылды.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары рейд барысында «Тойота Ланд Крузер» автокөлігімен киік қуып жүрген 35 жасар күдіктіні құрықтады. Тексеру кезінде оның көлігінен киіктің еті, үш жұп киік мүйізі, аңшы мылтығы және 48 оқ табылды.
Қазіргі уақытта осы екі оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Қайрат Әбілдинов
• 27 Қыркүйек, 2016
Қарағанды облысында киік аулаған браконьерлер ұсталды
Қарағанды облыстық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары бірігіп жүргізген рейд кезінде киікті заңсыз аулап жүрген браконьерлер қолға түсті.
Нұра ауданындағы Жанбөбек ауылынан 30 шақырым жерде 52 және 45 жастағы екі күдікті ұсталды. Олар тұрып жатқан вагон ішінен 6 киіктің бұтарланған еті табылды.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары рейд барысында «Тойота Ланд Крузер» автокөлігімен киік қуып жүрген 35 жасар күдіктіні құрықтады. Тексеру кезінде оның көлігінен киіктің еті, үш жұп киік мүйізі, аңшы мылтығы және 48 оқ табылды.
Қазіргі уақытта осы екі оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Қайрат Әбілдинов
Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 23:55
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше