Рудный қаласының тұрғыны үйлену тойын өткізу үшін банк тонамақ болған. Алайда, оны банктің күзетшісі ұстап алды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне берген түсініктемесіне қарағанда, күдікті үйлену тойын жасауға банктен несие сұраған. Өтініші қабылданбаған соң тойға қажетті ақшаны тонап алмақ болыпты.
Енді 26 жастағы күйеу жігіт жасаған ұрлығы үшін заң алдында жауап беретін болады. Жергілікті ішкі істер басқармасы қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұдан бұрын бір дүкеннің сыртындағы бақылау камерасын ұрламақ екі рудныйлық азамат ұсталған болатын.
Нәзира Жәрімбетова, Рудный
• 27 Қыркүйек, 2016
Рудный тұрғыны үйлену тойын жасау үшін банк тонағысы келді
Рудный қаласының тұрғыны үйлену тойын өткізу үшін банк тонамақ болған. Алайда, оны банктің күзетшісі ұстап алды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне берген түсініктемесіне қарағанда, күдікті үйлену тойын жасауға банктен несие сұраған. Өтініші қабылданбаған соң тойға қажетті ақшаны тонап алмақ болыпты.
Енді 26 жастағы күйеу жігіт жасаған ұрлығы үшін заң алдында жауап беретін болады. Жергілікті ішкі істер басқармасы қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұдан бұрын бір дүкеннің сыртындағы бақылау камерасын ұрламақ екі рудныйлық азамат ұсталған болатын.
Нәзира Жәрімбетова, Рудный
Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 23:55
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше