«Физкульт-Ура» әлеуметтік жобасы аясында 28 қыркүйек күні Олимпиада чемпиондары Юрий Мельниченко, Димитрий Баландин мен Ермахан Ибраимовтың қатысуымен Алматы қаласындағы №175 және №90 мектептерінде ашық сабақ өтеді. Бұл туралы «Астана» президенттік клубының баспасөз қызметкері Гүлназ Айдарханова мәлімдеді.
Ашық сабақ барысында Олимпиада чемпиондары оқушыларды жаттығу залында шынықтырып, фитнес-технологияның жаңа құрылғыларымен таныстырады.
«Физкульт-Ура» жобасы алғаш рет сәуір айында Астана қаласында өткен болатын. Енді, Олимпиада чемпиондары Алматының білім ордаларында қазақ және орыс тілдерінде ашық сабақ өткізеді.
Шара Алматы қала әкімдігі мен «World class» фитнес клубының қолдауымен өтеді. «Физкульт-Ура» әлеуметтік жобасының басты ұйымдастырушысы – «Астана» Президенттік клубы.
Әйгерім ТОҚСАНБЕК
• 27 Қыркүйек, 2016
Олимпиада чемпиондары Алматыда ашық сабақ өткізеді

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 23:55
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше