Елорданың халықаралық пікір алмасу алаңына айналғалы қашан. «Күлтөбенің басында күнде жиын» болмағанымен, Астана төрінде алқалы басқосудың жиі өткізілетіні анық. Қанша жиын болса да қайырымен болсын дейміз-дағы. Кеше сондай жиынның бірі – Қазақстандағы көміртегі нарығының мүмкіндіктері мен даму жолдарына арналған Carbon-KZ үшінші халықаралық форум болып өтті. Форумды қашанғыдай «Каспий» тауар биржасы» акционерлік қоғамы ЕЕХ (Лейпциг биржасы) бірлесіп ұйымдастырды.
Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков құттықтау сөзінде қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғауға байланысты инновациялық жаңалықтарға басымдық беріп отырғанын тілге тиек етті. Осы төңіректе Қазақстанның «жасыл экономиканы» жүзеге асыруды қолға алып, өндіріске инновациялық технологияларды енгізуді қуаттайтынын, осы бағыттағы игі ізденістерге қолдау білдіретінін жеткізді.
Қазақстан Республикасындағы Еуропалық одақ делегациясы басшысының орынбасары Камен Величков болса, өзінің құттықтау сөзінде соңғы кездері парниктік газдарға қатысты Еуроодақ көлемінде атқарылып жатқан мәселелерге кеңінен тоқталды. Энергетика және климаттың өзгеруі туралы Париж келісімі жайында әңгімеледі.
Париж келісімі демекші, Қазақстан 2015 жылы 12 желтоқсанда Париж қаласында Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптары 21-конференциясының қорытынды құжатының қабылдануын қуаттаған-ды.
Қазақстан тарапы аталған мәселеге қатысты жасаған мәлімдемесінде Климат саласында жаңа әмбебап келісімнің қабылдануы қатысушы мемлекеттердің температураның көтерілуін индустриялық кезеңге дейінгі уақытпен салыстырғанда цельси бойынша 2 градусқа дейін шектеу арқылы қоршаған ортаның тозуына жол бермеуге деген әзірлігін айғақтайтындығын жеткізген болатын. Сондай-ақ, Қазақстан өз міндеттемелерін орындауға және Парниктік қалдықтарды азайту жөніндегі жаңа келісімді имплементациялау ісіне өз үлесін қосуға әзір екендігін, Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен Климат жөніндегі конференция мақсаттарымен тікелей үндесетін мамандандырылған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу біздің елдің маңызды үлесі болып саналатындығын да білдірген еді.
Жоғары экономика мектебі Қоршаған орта және табиғи ресурстар экономикасы орталығының директоры Георгий Сафонов өз сөзінде көміртегі нарығының дамуы жөніндегі озық ойларымен бөлісті. Қазіргі кезде Қытай қоршаған ортаны қорғау жөніндегі технологияларды енгізуден алдыңғы орынға шыққан. Атап айтқанда, жел, күн энергиясын пайдалануға баса мән беріліп келеді. Күн энергетикасын пайдалану жөнінен Қытай әлем бойынша бірінші орынды иеленеді.
Атмосфераға шамамен 500 млрд. тонна СО2 (соңғы 150 жылда көмірді, мұнай мен газды жағу арқылы осыншама залал келді) күл-қоқыс шығарылса ол із-түзсіз кетеді деу аңғалдық болар еді. Парниктік газдар шығарындыларының ұлғаюы ең алдымен экожүйеге кері әсер етеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Климаттың өзгеруі бойынша департамент директоры Гүлмира Серғазина өз сөзінде отандық заңнамаға соңғы кездері енгізілген өзгерістер жөнінде жан-жақты сараптамалық шолу жасады. Заманауи талаптарға сәйкес еліміздің «жасыл экономикаға» бет бұруы да заңдық тұрғыдан өзгерістерді қажетсініп, осы бағытта біршама жұмыстар атқарылып жатқаны тілге тиек етілді.
Форумға қатысушылар парниктік газдар шығарындыларын үйлестіруге қатысты Қазақстанның заңнамасына өзгерістер енгізу, салық салу, биржа саудасындағы тәуелсіз нарық қатысушыларының рөлі туралы, операциялық және қаржылық тәуекелдерді басқару, сондай-ақ, ішкі саудаға шетелдік компаниялардың қатысу мүмкіндіктері туралы өзекті мәселелерді талқылады.
Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:50
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:48
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Әлем • Бүгін, 16:39
Робот Темірбекпен пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 16:30
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Оқиға • Бүгін, 16:12
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Медицина • Бүгін, 15:57
Астанада заңсыз ет өнімдерін сатып келген жасырын цех анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:45
Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты
Оқиға • Бүгін, 15:15
Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 14:50
Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді
Саясат • Бүгін, 14:40
Әлихан Бөкейханның туғанына – 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді
Тұлға • Бүгін, 14:30
Шымкенттегі 4 адамның өлімі: Мамандар қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады
Оқиға • Бүгін, 14:17