Алматы • 15 Қазан, 2025

Алматыда WIC 2025 Дүниежүзілік конгресінде инклюзивті білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелер талқыланды

60 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Конгреске инклюзия саласындағы жаһандық маңызы зор мәселелерді талқылау үшін әлемнің 40 елінен 150-ден астам ғалымдар мен сарапшылар, 400-ден астам педагог-практиктер, сондай-ақ қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері келді. Сарапшылар баршаға қолжетімді білім беруді дамыту мен әлем елдерінде ерекше балалармен жұмыс істеу тәжірибесін дөңгелек үстел барысында талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда WIC 2025 Дүниежүзілік конгресінде инклюзивті білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелер талқыланды

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Президент тапсырмасымен іске асып жатқан басым бағыттарды атап өтті. Атап өткендей, дүниежүзілік конгрестің Қазақстанда өтуінің салмағы басым. Биыл жыл басында Лондонда өткен беделді BettShow-да IFIP қауымдастығы Қазақстандағы инклюзивті білім берудегі атқарылып жатқан жұмыстардың жоғары бағаланды.  Осы орайда дамыған елдердің инклюзивті білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелерді сапалы енгізудің үлкен жауапкершілік жүктейді.

–  Елімізде инклюзивті білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы 2019 жылдан бастап инклюзивті білім беру мәселелерін жүйелі шешу мақсатында 9 мәрте нақты тапсырмалар берілді. Инклюзияның негізі – адами құндылықтар: сыйластық, қабылдау және қолдау. Біз заманауи сын-қатерлер мен жаһандық үрдістерді ескере отырып, білім мазмұнын жетілдіруде күш біріктіріп, тиімді стратегиялар әзірлеу, тәжірибе алмасу және қолдау механизмдерін нығайтуға шақырамыз, – деп атап өтті ведоство басшысы.

форум

2021 жылы алғаш рет Президенттің бастамасымен барлық баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеретін «Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

–  Бұл заң ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуына, олардың құқықтарын қорғауға және мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған заңнамалық базаны айтарлықтай күшейтті. Мемлекет тарапынан инклюзивті білім беру жүйесінде барлық деңгейде оқытуға жағдай жасау кепілдіктері бекітіліп, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мен білім беру қажеттіліктерін бағалау тетіктері енгізілді. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үш деңгейлі моделі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы стандарт әзірленді. Балаларды білім беру ұйымдарында сүйемелдеу және қолдау мақсатында білім беру ұйымдарының типтік штаттарына жаңа лауазымдар енгізілді. Нәтижесінде, бүгінде мектептерде 10 мыңға жуық арнайы педагог психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді, 1000-ға жуық бала жеке көмекшімен қамтылды, балабақшалар мен колледждерде педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесі 91, арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 85 пайызға жетті, –   деді министр.

Елімізде ерекше балаларды қолдау инфрақұрылымы қарқынды дамуда. Қазіргі таңда 509 арнайы ұйым, соның ішінде 46 арнайы балабақша, 99арнайы мектеп, 110 ПМПК, 230 түзету кабинеті, 11 аутизм орталығы және 13 оңалту орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, өңірлерде 1000-нан астам қолдау кабинеті ашылған.

– Бүгінде Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы» заң жобасы әзірленді. Бұл құжат алғаш рет білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының өзара іс-қимылын біріктіретін кешенді тәсілге негізделмек. Мақсат – ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алу, медициналық және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуін ведомствоаралық үйлестіру қағидасымен қамтамасыз ету. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасымен аутизм орталықтарының желісі кеңейтіліп, балаларды туғаннан бастап мамандық алғанға дейін сүйемелдеу тұжырымдамасы бекітілді. Соңғы екі жылда оқу-әдістемелік базаны жетілдіру мақсатында 97 оқулық, 88 типтік бағдарлама және 50 әдістемелік ұсыным әзірленді. Инклюзивті білім берудің тиімділігін арттыруда цифрландыру маңызды рөл атқаруда. Ұлттық білім беру деректер қорында арнайы модульдер іске қосылып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылды. Бұл жүйе мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланып, процестерді айтарлықтай жеңілдетті. Нәтижесінде, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардағы кезектілік 50 пайызға дейін қысқарды» деп атап өтті министр.

Жиында Тәжікстан Республикасының білім беру және ғылым министрі Саидзода Рахим Хамро, Парламент Мәжілісінің депутаттары, SEAMEO Secretariat директоры Датук Хабиба Абдул Рахим, Алматыдағы UNESCO Regional Bureau директоры Амир Пирич, UNICEF өңірлік кеңесшісі Нора Шабани, International Forum of Inclusion Practitioners (IFIP) президенті Даниэль Собель,  Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері сөз сөйледі.

Конгресс барысында әрбір баланың тең құқылы білім алуын көздейтін «Инклюзивті білім беру жөніндегі» Алматы декларациясы қабылданды. Декларация – адами капиталды дамыту, әлеуметтік бірлікті нығайту және заманауи технологиялар арқылы жаңа мүмкіндіктер ашуда нақты бағдар болмақ.

Конгресс аясында Innovation Expo көрмесі өтіп, инклюзиялық білім берудегі жаңа шешімдер мен заманауи технологиялар таныстырылды.

Алматы