Заң • Бүгін, 20:23

Мемлекет аумағынан күштеп шығарылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 200-ге жуық дерегі анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет аумағынан күштеп шығарылды

120 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 9 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған деп хабарлайды Egemen kz.

Қазан айының басында Солтүстік Қазақстан облысының Ресеймен шекаралас аймағында Уәлиханов ауданының бір тұрғыны далада кездестірген күдікті шетелдіктер туралы полицияға хабарлаған. Полицейлер ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, шетелдіктерді ұстап, мән-жайды анықтады. Тексеру барысында олардың Марокко Корольдігінің азаматтары екені белгілі болды. Бұған дейін олар Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха аудандық сотының шешімімен мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін елден шығарылған. Алайда олар бұл талапты орындамаған. Полицейлер құқық бұзушыларды облыс орталығына жеткізіп, оларды күштеп шығарып жіберу шарасын қамтамасыз етті.

Солтүстік Қазақстан облысы