Алматының Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан дәмхана отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТЖМ мәліметінше, сағат 10:28-де өрт сөндірушілер оқиға орнына жөнелтілген. Қызыл жалын 200 ш.м. аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
«ТЖМ бірінші бөлімшелері келгеннен кейін жеке дәмхана ашық жалынмен жанып жатқаны және жақын маңдағы ғимараттарға қауіп төнгені анықталды. Өрт сөндіруге өрт сөндіру оқпандары қосылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», делінген хабарламада.