• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Желтоқсан, 2018

Олимпиадаға – бір ту астында

207 рет
көрсетілді

Оңтүстік және Солтүстік Корея рес­публикасы 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпия ойындарында спорттың үш түрі бойынша бір ту астында шығуға уағдаласты.

Біріккен Корея құрамасы қыздар баскетболы, каноэда ескек есу және академиялық ескек есу бойынша қатысады, деп хабарлады JoongAng Ilbo басылымы. Сонымен қатар екі мемлекет 2032 жылғы Жазғы Олимпия және Паралимпия ойындарын өткізу үшін өтініш беруді жоспарлап жатыр. 

Биыл Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен Қысқы Олимпия ойындарына Біріккен Кореяның хоккей бойынша қыздар құрамасы қатысқан болатын.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»