• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2011

Әріптестік бағыттары талқыланды

323 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Бүкіләлемдік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша стра­те­гиялық және операциялық департаментінің ди­рек­торы Теодор Алерспен және осы банктің Орта­лық Азия елдері бойынша директоры Мотоо Конишимен кездесті. Кездесуде ел экономикасын дағдарыстан кейін дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасылып, Қазақ­стан Республикасы мен Бүкіләлемдік банктің стра­те­гиялық әріптестігінің жаңа бағыттары талқыланды. Сондай-ақ осы күні К.Мәсімов «Citi» банктің СЕЕМЕ өңіріндегі бас атқарушы директоры Альберто Вермемен кездесті. Әңгіме барысында халықаралық рыноктағы ағым­дағы жағдай туралы пікір алмасылып, Қазақстанда «халықтық ІРО» өткізу, сондай-ақ халықаралық капитал рыногына шығуда қазақстандық компаниялар мен банктерге ықпал ету мәселелері талқыланды. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар