• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 19:15

Қазақстан АҚШ-пен стратегиялық салаларда 5,2 млрд долларлық 11 құжатқа қол қойды

20 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына сапары аясында қазақстандық компаниялар әлемнің ірі корпорацияларымен құны 5,2 миллиард доллар болатын 11 құжатқа қол қойды. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

— Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркқа жұмыс сапары кезінде Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында 11 келісім мен меморандумға қол қойылды. Көлік-логистика, энергетика және ақпараттық технологиялар сияқты стратегиялық тұрғыдан маңызды салаларды қамтитын бұл құжаттар еліміздің экономикасына 5,2 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартуды көздейді, — делінген хабарламада.

Мұндай келісімдер «Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы», «Самұрық-Қазына», ұлттық әл-ауқат қоры, «ҚазМұнайГаз», Amazon Kuiper, International Finance Corporation, Lummus Technology, Exxon Мobil, Chevron, LanzaJet және Wabtec, сондай-ақ АҚШ-тың экспорт-импорт банкі сияқты компаниялар мен қаржы ұйымдары арасында жасалды.