• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:53

Зерендіде 85 медицина қызметкерінің еңбек құқығы қорғалды

10 рет
көрсетілді

Ақмола облысы, Зерендi ауданы прокуратурасына  аудандық аурухана қызметкерлері жыл сайынғы еңбек демалысына төлемақының берілмеуіне байланысты жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүргізілген талдау нәтижесінде 85 қызметкерге жалпы сомасы 27,4 миллион теңгені құрайтын еңбек демалысына төлемақы уақытылы төленбегені анықталып, олардың ақылы жыл сайынғы демалысқа шығу жөніндегі конституциялық құқықтарының бұзылғаны белгілі болды.

Аудан прокуратурасымен енгізілген қадағалау актісінің нәтижесінде еңбек демалысына берілмеген төлемақы толық көлемде өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.

Зерендi ауданы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуы мен қызметкерлердің құқықтарының қорғалуын бақылауда ұстайды.

 Ақмола облысы