• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:53

Орташа зейнетақы мөлшері 142 мың теңгеге жетті

20 рет
көрсетілді

Елімізде  2 млн 503 мың адам базалық және ынтымақты зейнетақы алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері зейнеткерлерге республикалық бюджеттен 2 трлн 804,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 907,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 897 млрд теңге қарастырылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 894 теңгеге жеткен. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 326 теңге, базалық зейнетақы – 47 568 теңге болды.

2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға жоғары.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес  2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды. Бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгеге жетті.