Спорт • 23 Маусым, 2025
Ұлытаулық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды
Ұлытау облысының спортшылары Тай елінде өткен Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды. Олар Тайландтың Районг қаласында өткен байдаркада есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы екі медаль салды. Тимофей Таранов К4-500 м қашықтықта экипаж құрамында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 23 Маусым, 2025
Талғарда FIFA стандартына сай футбол академиясының құрылысы басталды
2025 жылғы 23 маусымда Алматы облысы Талғар қаласында халықаралық талаптарға сай «KFF Academy by Almaty International Airport» футбол академиясының іргетасын қалау рәсімі өтті. Жоба Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен және Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Маусым, 2025
«Заң мен Тәртіп» жаңа цифрлық сервисі іске қосылды
Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» атты жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Енді азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлай алады, деп жазады Egemen.kz.Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qazaqstanda-zang-men-tartip-zhanga-tsifrlyq-servisi-iske-qosyldy/
Медицина • 23 Маусым, 2025
Отандық кардиологиялық медицинаның жаңа серпілісі
Алматы қаласында «Қалқамандағы аурухана» деген атаумен танымал №7 қалалық клиникалық ауруханасында медицинаның озық жетістігі саналатын электродсыз кардиостимулятор салына бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 23 Маусым, 2025
«Айбын-2025» халықаралық әскери жиыны басталды
Әскери-патриоттық жастар жиыны Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар елдімекеніндегі Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының полигонында өтіп жатыр. Оған Қазақстанның әр аймағынан және Әзербайжан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 800-ден астам қыздар мен жігіттер қатысуда. Жиынға алғаш рет Қытайдан бақылаушылар да келді, деп хабарлайды Egemen.kz.