Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:24

«Заң мен Тәртіп» жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» атты жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Енді азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлай алады, деп жазады Egemen.kz.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qazaqstanda-zang-men-tartip-zhanga-tsifrlyq-servisi-iske-qosyldy/

«Заң мен Тәртіп» жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

Фото: ІІМ

Қосымшаның басты бетінде арнайы «Заң мен Тәртіп» түймесі арқылы хабарламаны жедел жолдауға болады. 

«Қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы немесе балаға төнген қауіп сияқты жағдайлар туралы дабыл бірден полицияға түседі және полиция қызметкерлері хабарлама түскен сәттен бастап әрекет етеді. Осындай түймелер кейбір банк қосымшаларына да интеграцияланған, бұл сервисті кең аудитория үшін қолжетімді етеді», делінген хабарламада.

Жоба ІІМ жүргізіп жатқан ауқымды цифрландыру процесінің бір бөлігіне айналды. Ол полиция мен азаматтар арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдету және жеделдету, жедел әрекет ету деңгейін арттыру және көмекті барынша қолжетімді етуді мақсат етеді.

Айта кетейік, сервис тәулік бойы жұмыс істейді, өтініштер бүкіл ел аумағында қабылданады.