Сенат • 28 Маусым, 2025
«Парасат» байқауы қорытындыланды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Сенатта журналистер арасындағы «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Іс-шара барысында палата спикері Мәулен Әшімбаев медиа өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүлделерін салтанатты түрде тапсырды.
Басылым • 28 Маусым, 2025
Балаға да, данаға да бағыт берген баспасөз
Күні бүгін елімізде түрлі деңгейдегі 2 989 басылым ресми тіркелген болса, оның 484-і – мемлекеттік мерзімді баспасөз басылымдары. Олардың ішінде құрамына 11 басылым кіретін «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты газет-журналдар – ақпарат тасқыны күшейген кезеңде рухани кеңістіктің төрінен орын алған ұжымдар қатарында. Әріп таныған балдырғандардан еңкейген қарияға дейінгі аудиторияның рухани серігіне айналған іргелі ұжым қоғам айнасы, дерек пен дәйекке сүйенген сарабдал пікір алаңы десек, артық айтпаған болармыз.
Үкімет • 28 Маусым, 2025
Еуразиялық даму банкі кеңесінің басқосуы
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысын өткізді. Қаржылық ұйымның былтырғы жұмысы қорытындыланып, алда атқарылар өзекті мәселелер қаралды.
Пікір • 28 Маусым, 2025
Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның айнасы, қайнаған пікір алаңы десек те, қалың жұртшылық айналадағы көп мәселенің көтерілу-көтерілмеуін, шешілу-шешілмеуін қалам ұстағандармен байланыстырады. Дұрысы, үміт етеді. «Топ бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер қайда?» деген сыңайда... Бір қызығы, талай елдің қайраткерлері саяси билік олимпіне шыққанға дейінгі қоғамдық қызметін «публицист» деп көрсетіпті. Бұл латынның халық пен қоғам ұғымынан өрбитіні түсінікті.
Саясат • 28 Маусым, 2025
«Amanat» партиясы 62 заңға бастамашылық етті
Мәжілістегі VIII шақырылымының III сессиясында атқарылған жұмыс бүгін «Amanat» партиясы фракциясының жиынында қорытындыланды. Депутаттар «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ халық қалаулыларының сайлаушылармен кездесу мақсатындағы өңірлерге сапарына дайындық мәселелерін талқылады.