
фото: polisia.kz
Аталған компания түсті металдарды заңсыз жолмен қабылдап, өңдеп, ілеспе құжаттарға шындыққа жанаспайтын мәліметтер енгізу арқылы оларды бірнеше мәрте еліміздің аумағынан шығаруға әрекеттенген.
Кәсіпорын аумағында жүргізілген тінту кезінде шетелге жөнелтуге дайындалған 600 тоннадан астам қорғасын мен 100 тоннадан астам алюминий құймалары, сондай-ақ түрлі түсті металл қалдықтары тәркіленді.
Сондай-ақ металл балқытуға арналған жасырын цех пен зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған зертхана жойылды.
Бұған қоса, нысан аумағынан көші-қон заңдарын бұзып, заңсыз еңбек етіп жүрген шетелдік азаматтар анықталып, олар тиісті заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі таңда бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, қылмыстық схеманың түпкілікті ұйымдастырушылары анықталып жатыр.