Бизнес • 17 Маусым, 2025
Бизнеске уәде емес, әрекет керек
Еліміз кейінгі жылдары бизнесті жан-жақты қолдауға бағытталған саясат жүргізіп келеді. Мемлекет бірқатар бастаманы жүзеге асырып, ресми есепте инвестицияның өсуі мен іскерлік ахуалдың жақсаруы туралы мәлімдеді. Дегенмен кәсіпкерлік қауымдастық әлі де жүйелі мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл – әкімшілік кедергілер, кейбір реттеуші рәсімдердің айқын еместігі және әрдайым тең бола бермейтін бәсекелестік жағдайы. Әсіресе бұл мәселе энергетика сияқты стратегиялық маңызды секторларда өзекті.
Заң мен Тәртіп • 17 Маусым, 2025
Жасөспірімдерді қылмыс тұзағынан қалай құтқарамыз?
Қазір әлеуметтік желідегі неше түрлі ақпарат пен фото-видеоларды ашып қалсаңыз, өкінішке қарай 90-жылдардағы бұзақылар мен тентектер еске түседі. Бұл цифрлы технология дәурен құрған замандағы қаралым жинаудың амалы дерсіз. Бірақ құзырлы органдар ұсынған қылмыс пен заңбұзушылық көрсеткіштері алаңдатады. Сонда мұның себебі неде? Жай ғана интернеттің әсері ме, әлде шешілмей келе жатқан әлеуметтік не тәрбиелік түйткіл ме?
Әлем • 17 Маусым, 2025
Газа секторындағы шабуылдардан бір тәулікте 66 адам қаза тапты
Газа секторында соңғы 24 сағат ішінде Израильдің әуе соққылары салдарынан кем дегенде 66 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 17 Маусым, 2025
Мақта шаруашылығында мәселе көп
Түркістан облысы – еліміздегі мақта өсіретін жалғыз өңір. Бұл бағытта 25 мың агроқұрылымда 70 мыңға жуық адам еңбек етеді. Жыл сайын 120 мың гектарға жуық мақта егіліп, 300 мың тоннадан астам шитті мақта жиналады. Мақтаға қатысты өзекті мәселелер де жыл сайын көтеріліп келеді.
Әлем • 17 Маусым, 2025
Өткен аптада ушыққан Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс қазір әлемді алаңдатып отыр. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери шиеленіске байланысты алаңдаушылық білдіріп, қақтығысты БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқық нормасына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді құптайтынын мәлімдеді.