Аймақтар • 19 Маусым, 2025
Орал қаласының «Жұлдыз» шағын ауданында кернеуі 110/10 киловаттық жаңа қосалқы станса іске қосылды. Ол аталған ауданнан бөлек, ескі әуежай, 6, 7, 8, 9, 10-шағын аудан тұрғындарын үздіксіз әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Спорт • 19 Маусым, 2025
21 маусымда Әзербайжанның бас қаласы – Бакуде тұңғыш рет UFC турнирі ұйымдастырылады. Сол жарыста аса жеңіл салмақтағы (57 кг) Азат Мақсұм да өнер көрсетеді. Алматының іргесіндегі Қаскелеңде дүниеге келген 30 жастағы спортшы ресейлік Тагир Ұланбековпен күш сынасады.
Ғалам ғажаптары • 19 Маусым, 2025
Жапырақ – табиғаттағы ең көне энергия көзі. Ол күн сәулесін сіңіріп, көмірқышқыл газ бен судан оттегі мен энергия бөледі.
Аймақтар • 19 Маусым, 2025
Баянауыл ауданының орталығында еуропалық үлгіде жабдықталған жүзу бассейні бар денешынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Ғимаратқа бір мезгілде 100-ден астам адам келе алады.
Өнер • 19 Маусым, 2025
Орал қаласында «Айкербез» шығармашылық ұжымы ұлттық нақыштағы сән кешін өткізді. Дәстүрлі маусымдық сән көрсетілімінде ерлер мен әйелдерге арналған ұлттық нақыштағы күнделікті киім үлгілері ұсынылды.