Әлем • 01 Сәуір, 2026
Air Astana сәуірдің соңына дейін Дубай бағытындағы рейстерді тоқтатты
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға қатынайтын тұрақты рейстердің тоқтатылу мерзімін 30 сәуірге дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 01 Сәуір, 2026
Қызылордада шенеуніктер инвесторларға заңсыз айыппұл салып келген
Қызылорда облысында инвесторлардың құқықтарын бұзу деректері анықталып, бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Бұл заңсыздықтар Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлескен тексеру барысында белгілі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфляция • 01 Сәуір, 2026
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулай бастады
2026 жылғы наурызда Қазақстанда айлық инфляция деңгейі 0,6%-ды құрады. Бұл ақпан айымен салыстырғанда баға өсімі қарқынының 0,5 пайыздық тармаққа баяулағанын көрсетеді. Бағаның бәсеңдеуі барлық сегменттерде: азық-түлік (0,7%), ақылы қызметтер (0,6%) және азық-түлікке жатпайтын тауарлар (0,5%) бойынша байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2026
Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы «Qazaq Oil-R437» жанармай құю бекетінің аумағында жазатайым оқиға болды. Жанармай құю бекетінде металл бөшке жарылып, жалдамалы жұмысшы әртүрлі дәрежеде күйік алған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
14 қылмысты жасырған: Алматыда бұрынғы полицей сотталды
Алматы қаласында полицияның бұрынғы тергеушісіне қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты. Қалалық прокуратураның мәліметінше, ол қылмыстарды тіркемей, әдейі жасырғаны үшін жауапқа тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.