Прокуратураның мәліметінше, Арал ауданында Мемлекеттік кірістер басқармасы прокурордың міндетті келісімінсіз инвесторды әкімшілік жауаптылыққа тартқан. Сол сияқты Жаңақорған ауданында да инвесторға қатысты бес әкімшілік іс бойынша айыппұл заңсыз салынғаны анықталды.Прокуратураның наразылығынан кейін барлық заңсыз шешімдердің күші жойылды.
Сонымен қатар заң бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалып, олар кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапқа тартылды.
Түркістанда айыппұлға ашуланған ер адамдар бейнекамераларды сындырған
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай құқықбұзушылықтар үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.
Прокуратура өкілдері әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды арнайы байланыс нөмірлеріне хабарласуға шақырды.